ӨНЕР ҰЖЫМЫ - АРҚА ТӨРІНДЕ

15:01, 11 қыркүйек 2019

Елімізге белгілі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Жезқазған қаласына гастролдік сапармен келді. Труппа гастрольде сыннан өткен үздік классикалық әндерді шырқап, талғамы зор көрерменнің көңілінен шығуға барын салды. Танымал әншілер кеште отандық және шетелдік әндерді нақышына келтіріп шырқады

Европалық және қазақстандық композиторлардың  кең диопозонды әндері бұл күні Жезқазған сахнасында шырқалды. Табиғи дауыста оркестордың сүйемелдеуімен ариялар мен опералар орындалды. Дара дауыс иелерінің орындаған шығармаларын көрермендер зор ықыласпен қарсы алып жатты. Өнер ұжымы  Жезқазған қаласының әкімдігінің шақыртуымен арнайы келген. 

Зина АҚЫЛБЕКОВА, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

-Жезқазған қаласының әкімдігі Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұсыныс берген болатын. Біздің қаламызға келіп үлкен концерт берсе қалай болады деп.Міне біздің ұсынысымызды қабыл алып, осында жиналып отырмыз. Мен ойлаймын осында отырған көрермендер классикалық музыканы бағалайтын көрермендер.

Биыл  Абай атындағы опера және балет театрына 85 жыл. Еуразия кеңістігіндегі ірі өнер ордаларының бірі. Мұндағы әр әнші өздерін халықаралық байқауларда дәлелдеген. Шығармашылық ұжымның  өнерін осы күнге дейін Франция, Германия, Италия, Жапония, Түркия, Қытай және АҚШ көрермендері тамашалап үлгерді. Сондай-ақ, театр үнемі шетелдік өнер ордаларымен ынтымақтаса жұмыс істеп, тәжірибе алмасуға тырысады.

Балапан ЖҰМАБЕВА, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

-Бірінші әрбір әнді айту үшін біз оның тарихын білуіміз керек. Әрбір операны партияны  орындау үшін оның тарнихи болмысын барлық жағынан оқып түсініп, жүоекке қабылдап шығуға тырысамыз. Біз әншілер көрерменнің жүрегіне жеткізгіміз келеді.

Абай атындағы опера және балет театрынан Жезқазған қаласына ансамблмен қосқанда 55  адам кеген.  2 сағатқа созылған осындай концертпен өнер ұжымы алда еліміздің басқа да өңірлерін араламақшы.

ГүлбақшаАҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар