ӨНЕР КӨГІНДЕГІ ОРКЕСТР

16:53, 6 желтоқсан 2018

Қарағандының симфониялық оркестрі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараның бағдарламасы да ерекше безендірілген. Музыка кешінің репертуары туралы келесі материалда.

Көрермен 35 жылдық тарихы бар оркестрді бұрын былай көрмеген еді. Бұл күні сахнада мұң мен қуаныш қатар тербелгендей сезілді.

ТАТЬЯНА ПЕРЕДЕРА, скрипкашы:

-Мы все таки в ожидании – Біз барлығымызда бір кереметке сенетіндейміз. Музыканың алғашқы нотасы естілісімен біз ұлы музыка әлеміне еніп кетеміз. Бүгінде көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймыз.

35 жыл деген оркестр үшін өнер әлеміндегі өмірдің басталуы. Деседе мыңдаған тартулар мен ондаған өзге елдердегі гастрольдер артта қалып, толағай тәжірибе жинауға ықпалдасқан. Петр Грибанов 20 жыл бойы дирижерлық қызметті мінсіз атқарып келеді.

ПЕТР ГРИБАНОВ,  бас дирижер:

-Любой юбилей это точка отсчета,-Кез келген мерейтой есеп берудің бастауы болып есептеледі. Біздің оркестр музыкаға деген махаббаттан құралған. Музыканы сүймейтін өнерпаздар да болады екен, бірақ ондайлар біздің қатарда жоқ. Біз сахнада барымызды саламыз.

Оркестр құрылғалы бері қатарда жүрген музыканттардан 4-еуі ғана қалған. Репертуар көбіне классикалық музыкаға негізделеді. Бұл күнде музыкалық ұжымның кешін мүлт жібермейтін көрермендері де қалыптасқан.

ГАЛИНА УСОВА, көрермен:

-Зал был полный- Зал лық толды, концерт мәдениет үйінде болды. Мен бұл оркестрдің алғашқы қадамдарын да білемін. Уақыт өте келе тіпті шыңдала түсті.

35 жылда оркестрдің  қанша туынды орындағанын ешкім де дөп басып айта алмайды. Ал, қала бойынша сүйікті көрермендердің қатары жыл санап артып келеді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...