ӨНЕГЕЛІ ТҰЛҒА ӨМІРДЕН ОЗДЫ

17:34, 29 маусым 2020

ҚР Мәдениет қайраткері, Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Сансызбай Бекболатов 65 жасқа қараған шағында өмірден озды. Көрнекті тұлға облыс мәдениеттің өрлеуіне өлшеусіз үлес қосты. Айтулы азаматтың артында өскелең ұрпаққа өнеге болар ізі қалды

Сансызбай Бекболатов 1955 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Красный октябрь ауылында дүниеге келген. Жасынан өнерге құштар азамат- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консервториясының драма  және кино актер мамандығы бойынша тәмәмдаған.Өнегелі жан еңбек жолын С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрынан бастаған еді. Қара шаңырақтың қарыштай дамуына өлшесіз үлес қосты. ҚР-ның Мәдениет қайраткерінің ұйымдастырушылық қабілеті ерекше болатын.Ұтқыр ойлары мен көрегендік келбеті, өшпейтін өнегесі есімізде мәңгі сақталады дейді,- Кеңес Жұмабеков.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,  ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

Дара дарын ииесі Сансызбай Нұрсияұлы өнер ордасының өрлеуі жолында еселі еңбек сіңірді.Сегіз қырлы, бір сырлы  театр тарланы Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» - Есеннің  рөлін асқан шеберлікпен сомдады.  Сонымени қатар  Мұстай Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»  Ақжігіттің, ал  Александр Бектің «Волокам тас жолында » - Заевтің образдарын жаңа қырынан танытып, теңдессіз талант екенін  дәлелдеді.Сөйтіп сахнаның сұңғыла саңлағына айналды.Ал Шекспирдің «Король Лирында» - Эдгардың рөлін, Гогольдің «Үйлену»-  атты қойылымдарына  сан қырлы бейнелер жасап, шынайы кәсіби шеберлігін  көрсете білді. Ардақты азаматтың  достыққа адалдығын,жүрегінің кеңдігін шығармашылық ізденісін, әріптесі, әрі сыйластықтырана сызат түспеген досы Қайрат Кемалов былайша бағалайды.

Қайрат КЕМАЛОВ,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Ал 2012 жылдан бастап Сансызбай Бекболатов Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма тетрының директоры міндетін мүлтіксіз атқарды.Өнерге шексіз жанашырлық танытып,  ұжымды асқан біліктілікпен басқарды.Актерлардың шығармашлық тұрғыдан шыңдалуымен қатар талай жас таланттардың тынысын ашты.Өнер ордасына қолдау көрсетіп,Сербия, Түркия Республикасы мен Ресей елінде өткен халықаралық фестивальдерге қатыстырды.Көреген  басшының арқасында театр көптеген мақтау –марапаттар мен саналуан жүлделерг ие болды. Өр тұлға  С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының Академиялық атақ алуы жолында табандылық танытып,  қолындағы қайраты мен бойындағы ерік-жігерін аямады.

Сансызбай Нұрсияұлы санаулы ғұмырында адамдық қалпынан, адалдық салтынан бір таймады.Жайсаң жанның мәдениет пен өнерге қосқан қомақты үлесін егемен елімізде ескерусіз қалдырмады.Театр тарланы 2005 жылы  ҚР Мәдениет қайраткері  белгісімен марапатталған. Сондай-ақ асыл азамат «Құрмет» ордені және  Қарағанды облысы әкімінің сыйлығының иегері.Ал мәдениет майталманы, қажырлы қайраткер Сансызбай ағаның  өмірден өзі өтседе, өшпес өнегесі мен жарқын бейнесі көптің көңілінде мәңгі өмір сүре беретіні ақиқат.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар