«Оңалту түрмесі»

22:12, 6 желтоқсан 2017

Осындай атаумен қылмыстық атқарушы жүйесі Комитеті жаңа пилоттық жобаны іске асырмақ. Оның мақсаты- бостандыққа шыққан адамды өмірге бейімдеу болып табылады. Жобаға жауаптылар бұл жаңашылдыққа толықтырулар енгізуді ұсынды

«Оңалту түрмесі»  жобасының басты мақсаты -  жазасын өтеп шыққандарды өмірге бейімдеуге қол ұшын беру. Яғни, оларды жұмысқа орналастырып, отбасыларымен қарым-қатынас орнатып, баспанамен қамтамассыз ету сияқты  жан-жақты көмек көрсетіледі.  Бүгінгі күні   сотталғандардың мамандық алуға мүмкіндіктері бар. Болашақта олар сол арқылы жұмысқа да  орналаса алады. Пилоттық жоба Долинка мен Қарабас кентіндегі түзеу мекемелерінде жүзеге асырылмақ.

Бекболат ШӘКІРОВ  ҚР ІІМ ҚАЖК басқармасы бастығының орынбасары

- Бұл жоба қазақстанда алғаш рет Қарағанды өңірінде жүзеге асырылуда. Ұлыбританияға барып, тәжірибе алмастып келдік. Тек қана жақсы жақстарын қолданамыз.

Жиынға  бас прокуратура, қылмыстық атқарушы жүйесі комитетінің өкілдері, Қарағанды облысы басқармаларының жетекшілері қатысты. Бір сөзбен айтқанда, «Оңалту түрмесі» жобасына жауаптылар бір үстел басына жиналды. Құжатқа  толықтырулар енгізу турасында сөз қозғалды. Мәселен, ІІМ қарасты  қылмыстық атқарушы жүйесі комитеті бастығының орынбасары: -  Жобаның  қаржыландыру мәселесіне   назар аудару керек, - деп есептейді.  

Мейрам АЮБАЕВ  ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары

- Біз өзіміздің басымдылықтарымызды шегеріп, бақылау функцияларымен қоса  қосымша әлеуметтік құқықтық көмекті кеңірек қолдана бастадық.

Жандос ӘБІШЕВ Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

-Рахмет,  расында  әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдармен  жұмыстарды бекіттік. Сонлдай ақ, жергілікті атқарушы органдармен де бірлесе жұмыс атқарамыз. Менің ойымша, барлығы да белсенділік танытады. Ал бөлінетін қаражатқа  жөнінде айтсақ, бөлінетін бюджет көп емес. Ескертулер хаттамаға жазылады.

Бас прокуратура өкілі жаңа жоба қажетті, заманауи әдіс екеніне сенімді. Яғни, сотталушы темір тордың ар жағында білім алып, мемлекеттің қолдауын сезінсе бұрынғы қателігін қайталамайды. Алайда олардың біреуге сеніп қол құсырып отыру әрекеттерін де алдын алу керек. Отырыс барысында Қарағанды облысы  жаңа жобаларды енгізу бойынша көшбастап тұрғаны атап өтілді.

Нұрлыбек ӘБДІРАИМОВ ҚР Бас прокуратурасы басқармасының бастығы

 - Қарағанды облысы жаңа жобаларды қолдауымен ерекшеленеді. Бұл жоба өте дұрыс. Себебі, көп жағдайда сотталушылар бостандыққа шыққан соң не істерлерін білмейді. 90-шы жалдардан бері отырғандар бар. Олар тіпті жолды өз бетімен жүріп өте алмайды. Сондықтан бұл жаңа жобаның маңыздылығы басым.

Сондай-ақ, жиында сотталушылардың бостандыққа шыққаннан кейінгі  бейімделу сұрақтары  да қозғалды. Көп жағдайда олардың  баратын жері жоқ. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанда жазасын өтеп шыққандар үшін арнайы орталықтар бар екенін айтты. Шама-шарқына қарай барлығын орналастырамыз деп сендірді.Алайда прокуратура мамандары бұл ақпаратқа күмәнмен қарап, алдын ала тексеріп алған артық болмас деген шешімге келді. Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілдері ауру тарап кетпес үшін, туберкулезге шалдыққандар жөнінде нақты ақпарат беруді сұрады. Хаттамаға барлық айтылған ескертулер мен ұсыныстар енгізілді. Облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев бұрын болған кеңестік жиында айтылған кейбір ескертулер өзгеріссіз қалғанын айтты. Келешекте мұндай олқылықтарға жол бермеу керектігін қатаң  ескертті.

Жандос Әбішев  облыс әкімінің орынбасары

 – Мен қыркүйек айында өткен жиынды қарап шықтым. Қала мен аудан әкімдеріне тапсырмалар берілген болатын. Жұмыссыздарға жұмыс мәселесімен көмектесу туралы. Бұл тапсырманы тек приозерск, Балқаш, Қарағанды қалалары ғана орындады.  18 қала мен ауданнан тек үшеуі ғана орындап отыр. Бұл недеген бассызддық. Шара қолданыңыздар.

«Оңалту түрмесі» жобасына бұрынғы сотталушылар да қатысуға ниетті. Түрмеде білім алып, бостандықта жұмыс істеп жүрген олар темір тордан босап шыққандарға үлгі болары сөзсіз.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...