ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОЛ АШЫҚ

16:48, 6 қыркүйек 2019

2 қырқүйек күні мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасаған болатын. Онда президент ел дамуының негізгі бес бағытын айқындаған болатын. Қарағанды қалалық әкімдігінде басшылығы ел мүддесіне қызмет ететін құжаттың маңыздылығын талқылады. Аталмыш бағыттар облыс орталығында қалай жүзеге аспақ?

Кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, үкіметтік емес ұйымдар. Президент Жолдауы аталған салалардың барлығын қамтиды және олардың әл-ауқатынын жақсаруына бағытталған.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауын барлығымыз тыңдап, толық таныстық. Президент өз жолдауында еліміздің көркеюі жолындағы атқарылып жатқан істерге жаңа леп беретін «Мықты Президент, күшті Парламент және есеп беретін нүктелер» бағытын ұсынды.

Әлеуметтік желілер енді билік жұмысының ажырамас бөлігі болады. Осылайша қоғамның түйткілді мәселелері жедел шешім таппақ. Қала басшысының айтуынша, мемлекеттік органдар алдағы уақытта жиі тікелей эфирге шығып, халық шағымын тыңдайды, сонымен қатар сандық кеңселер мен қоғамдық қабылдаулардың саны да артады. 

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Ең бастысы, халықпен ашық диалогта жұмыс жасау керек. Халықтың мәселесін тыңдап, оны уақытында шешуге үнемі дайын болуымыз керек. Мемлекет басшысының талабы да осы.

Сапалы білім әр уақытта болашақ жарқындығының мызғымас кепілдігі болған.  Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы өз жолдауында ұлағатты ұстаздар жағдайын жақсартуға жіті мән берген. Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есеге артып, білім сапасына жауапты тұлғаларды қағазбастылықтан арылту біржолға қойылады. Сондай – ақ, қала әкімінің бастамасымен, жас мамандарды ынталандыру жобалары да ұйымдастырылады.  

Бахытгүл ӘБДІКЕРОВА, қалалық білім бөлімі әдістемелік орталығының меңгерушісі:

-Бұл жердегі басымдықты бірге отырған ұстаздар қауымын да бей – жай қалдырмаған тұсы. Биылғы жыл Жастар жылы болғандықтан, келешек біздің мектеп табалдырығын жаңа аттап отырған жас мамандарға әкімнің сыйлығын ұсынады дегенді біз қуыанышпен қарсы алдық. Себебі бұл жаңадан мектеп табалдырығын аттаған ұстаздарға үлкен серпін беретіні айдан анық.

Қала әкімі бөлім басшыларына халықпен жұмысты күшейтуді тапсырды. Енді азаматтардың өтініштері қаншалықты жедел қанағаттандырылса, соншалықты мемлекеттік қызмет сапасының көрсеткіші жоғары болмақ.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар