ӨМІРІҢДІ САҚТАУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

16:28, 24 маусым 2019

Балқаш көлінен өміріне қауіп төген 10 адам құтқарылды. Абырой болғанда, судан тұншыққандарға құтқарушылар мен дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. Бұл көрініс Приозреск қаласында өткен «Балқаш - 2019» суда қауіпсіздікті қамтамасыз ету оқу жаттығу кезінде көрсетілді. Шара барысында құтқарушылар кеңесіп, төтенше жағдайдың алдын алудың жағдайын талқылады

Суға түсушілер мен балықшылар  қауіптен сақтану жайлы ережені ескермеудің салдарынан  қапыда суға батып барады. Осы жағдайды аңғарған    жағадағы құтқарушылар демде оларға көмекке келіп,бірінен соң бірін  көл жағасына тасмалдады. Өздерімен бес қаруын сайлап салған медициналық қызметкерлер тілсіз жаудан құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетті. Оқу-жаттығу шарасына  осындай 5 оқиға көрсетілді.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, облыс әкімінің орынбасары:

-Жұмыстың бәрін мектептен бастау керек. Жас балаларды үйрету, түсіндіру керек. Ата-аналарына айтып көрсеткен жөн. Халық арасында насихат жұмыстарын жүргізу парыз.Шомылуға келушілер жүзудің  шарттынан хабардар болу керек. 

Бұл жолғы оқу-жаттығуды  жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар көрді.Ал,төтенше жағдайға тап болған адамды ажалдан құтқаруға сеп тигізетін   арнайы үйретілген иттердің шеберлігі көпшілікті тіпті  тәнті етті.

Суға батқан кемені іздестіру шарасы да сәтті аяқталды. Сүңгуір 7 метр тереңдікке дейін су астына түсіп, тиісті міндетті мүлтіксіз орындады.  Жаттығу Приозреск қаласындағы  заманауи талапқа сай  құтқару станциясында жүргізіледі.    Мамандар  мынадай 7 метр бассейінде шеберліктерін  пысықтайды.

Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ, облыстық ТЖД бастығы:

-Сондықтан бүгінгі оқу жаттығу шарасының маңыздылығы зор дейді мамандар. Осы мақсатқа 25 техника, 90 ға жуық құтқарушы жұмылдырылған.

Мұндай шараның  өткізілуі тегін емес.Ресми мәлімет бойынша,соңғы екі жылда бұл аймақта судан мерт болғандық туралы бірде-бір дерек тіркелмеген. Соған қарамастан,жергілікті әкімдік төтенше оқиғалардың алдын алып, ақпараттандыру шараларын мықтап қолға алған.  Осындай бірегей әдіс тәсілдер  арнайы семинарда талқыланды. Облыс әкімнің орынбасары семинар барысында  келешекте  қандай қателіктермен күресу керектігін нақтылады. Іздестурі құтқару  шараларына жылдамдыққа кепіл болатын  гео ақпараттық жүйені қолдану туралы жаңа жоба таныстырылды.

Аян РАЙЫМБЕКОВ, облыстық ТЖД бас маманы:

-Бұл жобаның ерекшілігі құтқару іздестурі жұмыстарыгда  ақпаратты жылдам қабылдайды. Мысалы төтенше оқиға орын алған хабар түскенде диспечер екі жұмысты бірден тындырады. Ақпаратты алып, құрылымдық күшті жібереді. Кейін автоматты түрде орталықтағы  дағдарыс орталығына тиісті ақпарат дайындайды.

Оқу жаттығуға   білікті мамандар жоғары баға берді. Шара барысында суда құтқаратын  техникалардың әлуеті  көпшілікке таныстырылды. Былтыр облыс бойынша  жүзу қауіпсіздігін сақтамау салдарынан облыста 9 адам қайтыс болса, биыл 2 адам жан тәсілім еткен.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар