Өлке өндірісі өркен жаюда

Қарқаралы ауданында өндіріс ошақтары қаншалықты өрге жүзіп, шағын және орта бизнес дамуда? Облыс басшысы ауданға жұмыс сапары кезінде бұл сұрақтарға жауап алды

21:43, 19 мамыр 2017   72

Қарқаралы ауданында  өнеркәсіп өндірісі 2,5 пайызға артқан.  Ал шағын бизнестен шыққан өнім көлемі 7 млрд. теңгені құраған. Аудандағы «Алтай-Полиметалл» кәсіпорнының орны ерекше. Өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған  «Koktaszhal» кенішінде мыс кені өндіріліп, осы зауытта оның концентратын алып отыр. Бүгін де Теректі ауылының маңындағы бұл кәсіпорында 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Табысв көрсеткіші жаман емес.Биылғы жылдың тек 4 айында 500 млн. теңге көлемінде 1200 тонна концентрат өндірілген. Мыс концентраты«Қазақмыс» корпорациясының тау кен байыту кешенінде өндіріледі. Қарағайлы кенті тұрғындарының 700-ден астамы осында нәпақасын табуда. Ағымдағы жылы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, өндіріс ошағы жандана түседі  деп жоспарланып отыр. Жыл басынан бері Қарқаралуы ауданының кәсіпорындары 3 миллиард теңгенің өнімін шығарыпты. Аймақ басшысы ірі кәсіпорындарды ғана аралап қоймай, шағын бизнес субектілерінің де қызу тірлігімен танысып қайтты. Бүгінде қарқаралылық 3000 –нан астам адам кәсіпкерлік саласында жүр. Соңғы бес айдың өзінде ауданда 4 жаңа шаруа қожалығы ашылса, 47 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп үлгерген. Ерлан Қошановтың халықпен жүздесуінде баяндама жасаған аудан әкімі атқарылған ауқымды іс-шараларға тоқталды.

Халел МАҚСҰТОВ Қарқаралы ауданының әкімі

Шағын және орта бизнесіміз шалқып келе жатыр.Соның нәтиежесінде жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылуда. Кәсіпкерлеріміз кең пейіл. Жоспарға сәйкес 4 айдың ішінде ағмыдағы жылы істер 10 пайызға орындалды.

Қазірдің өзінде, ауданда бір ғана «Балқантау» кәсіпорны  тәулігіне 600- келіге жуық 15 түрлі өнім шығарады. Шикізат жергілікті төрт түлік өсірушілерден алынуда.  Мал сою бекетінен бөлек, арнайы зертханамен де қамтылған. Аудан әкімі есебін тыңдаған Ерлан Қошанов, халықтың көкейіндегі сұрақтарын да тыңдап, мәселелерін біржақты шешуге тырысты.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Басты кезекте экономикамызды қарыштатып, өз ісімізді өрлетейік.  Ауданда бизнес саласы едәуір дамып келеді.  Инвестиция тартылағанына қуанамын. Енді алдағы тапсырманы бір кісідей атқарайық.

Ауданда тағы бір тың бастама қолға алынбақ. «Айса» қожалығы қонақ үй ашуды жоспарлаған.  Онда қымыз ішіп, демалудан бөлек, денсаулығын жақсарту қызметтері ұсылытын болады. Бүгінде, Қарқаралыда 26 туристік нысан бар. Маусым кезінде олар 2 мың 500-ге дейін адам қабылдайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25