ОЛЕГ СОСКОВЕЦПЕН КЕЗДЕСУ

13:43, 11 маусым 2019

Қарағанды облысының әкімдігінде Олег Сосковец бұрынғы әріптестерімен және серіктес-достарымен кездесті. Қарағанды металлургиялық комбинатының бұрынғы басшысын облыс әкімінің қабылдауы- оның 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған

Алдымен оны облыс әкімі құттықтап, жерлестері оны  ыстық ықыласпен қарсы алғанын айтты. Шараға құрметті металургтер Қуаныш Омашев, Тоқтархан Ысқақов, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Николай Дриждта қатысты.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Сіз қазір мәскеуде тұрып жатсаңызда Қазақстан әсіресе Қарағанды мен Теміртау сіздің жүрегіңізде. Сізді Елбасының серіктес-досы ретінде білеміз. Сізде қарапайым жұмысшы болып, комбинаттың бас директорына дейінгі жауапты қызметті атқардыңыз. Екі елде министр болып, үкіметте қызмет еттіңіз. Туған жерге деген құрметіңіз үшін алғыс білдіремін.

Олег СОСКОВЕЦ:

-Менің жолым болды. Өмірімінің бақытты кездері Қарағанды мен Теміртауда өтті. Осында мамандық игеріп, маман атандым. Қасымда өздеріңдей серіктестерім болмағанда осындай жетістікке жете алмас едім.

Олег Сосковецтің достары алдымен жастық шағындағы болаттың қайнауымен шыныққан шақтарын есіне алды. Олар Қарағанды облысы металургтер үшін үздік мектеп атанғанын айтады. Олег Сосковец Қарағанды оның құтты мекені екенін айа келе, «қашанда аңсарым ауып тұрады»-  деп жүрек тебіренісін жеткізді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар