ОҚУШЫЛАРДЫҢ 60 % ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ ОҚИДЫ

15:58, 8 қаңтар 2021

Қарағандыда оқушылардың 60 пайызы 3-ші тоқсанды дәстүрлі түрде оқиды. 1 мен 5-ші сынып оқушылары ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптарға келуіне болады

Қазір облыста 6 мыңнан астам кезекші сынып бар.  Ал, 9-11-ші сынып оқушыларының сабағы іріктеліп оқытылады. Яғни, қазақ тілі, математика, химия мен физика және дене тәрбиесі мектепте оқытылса, информатика, сызу, еңбек сынды пәндер онлайн режимде жүргізіледі.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА,  облыстық білім басқармасының басшысы:

– Үш жүз балаға дейінгі мектептер штаттық режимде оқиды. 9-11 сынып балалары 70 проценті комбинировать еткен форматта. 30 проценті дистанциялық форматта оқиды.

Білім басқармасының басшысы мектептерде барлық санитарлық талаптар қатаң түрде сақталады деп отыр.  Іріктеп оқыту әдісі колледждерде де қолданылады. 1-4 курс студенттері дәстүрлі түрде оқыса, 2 мен 3 – ші курста қашықтан оқыту әдісі жалғасады.    

Кезекші сыныптарда дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға консультациялық сабақтарды өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Бұл мұғалімдердің қалауы.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар