ОҚУШЫ ОРТАЛЫҚ АШТЫ

12:16, 18 қараша 2020

13 жастағы оқушы электр техника жөндейтін орталық ашты. Нұралық Нұрасыл Несіпбаевтың табысы 300 мың теңгеге жетеғабыл. Талабы таудай баланың қаршадайынан кәсіптен нәсіп табуының сыры неде?

Орталықтан қазір адам арылмайды. Ауыл тұрғындары техникасы істен шықса бірден 13 жастағы іскерге жүгіреді. Өйткені Нұрасыл техниканың тілін тапқан. Теледидар, тоңазытқыш, көлік магнитафондары тәрізді кез-келгенін әп-сәтте жөндеп береді. 

Нұрасыл НЕСІПБАЙ, шебер:

Әке көрген оқ жонады. Бұл отбасы да осы дәстүрден жаңылмады. Әкесі Дос Төлегеновтің тағдыры ауыр. Жастайынан сал ауруымен күресіп келеді. Бірақ, сынған емес. Керісінше жігерін жанып, жұмыстан қол үзбей, 3 баласын асырап келген. Дегенмен соңғы жылдары дерті дендеп, кәсібін дамытуға мүмкіндік болмапты. Сондықтан кәсіпті Нұрасыл қолға алған. Шебер бала бір жылда-ақ шағын  шеберханадан үлкен  орталық ашты.

Құдайберген ӘБДІКӘРІМОВ, Нұра кентінің тұрғыны:

Нұрасыл жұмысқа шын ынтасымен кіріскен. Бірақ, алдымен оқу керек екенін жақсы біледі. Үлгерімі де жаман емес. Әсіресе, физика пәніне жетік. Сынып жетекшісі техниканың тілін Нұрасыл Несіпбайдай білетін оқушы мектеп бойына жоқ екенін айтады.

Қымбат ӘБІЛДИНОВА, сынып жетекшісі:

Нұрасыл – Қараой ауылындағы жалғыз электр шебері. Бірақ аты алысқа жеткен. Жақын елді мекендерден бөлек, тіпті Нұр-Сұлтан қаласынан  бұзылған техникаларын көптеп әкеледі екен. Сондықтан табысы да қомақты. Айына шамамен 300 мың теңгеге жуық пайда табады.

Дос ТӨЛЕГЕНОВ, Нұрасылдың әкесі:

Жас шебердің ендігі мақсаты - әкесін қолдау. Ал әке арманы ұлының мұратын іске асыру.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар