ОҚУ ЖЫЛЫНА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?

14:10, 13 тамыз 2019

Бірер аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Бұл білім ошақтарында жөндеу жұмыстары мен қысқы маусымға әзірлік қызу жүретін мезгіл. Алайда, қыстың қамын жазда ойламай, кестеден кешіккендерді қандай жаза күтіп тұр? 200 мыңға тарта оқушысы бар Қарағанды өңірінің оқу жылына даярлығы қаншалықты көңіл көншітеді?

Облыс әкімдігінің кезекті аппаратты жиыны облыстық білім басқармасы Есенғазы Иманғалиевтің баяндамасымен басталды. Өңірдің бас педагогының дерегіне сүйенсек, ЖББОМ-де биыл 193 мың оқушы білім алса, 25 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ. Шәкірттердің сапалы білімі үшін 2 миллиард 832 миллион теңгеге оқулықтар алынып, 5 тамыздан бастап барлық елді-мекендерге жеткізілуде. Дегенмен, алдағы күндерде  бірқатар мектептер жабылуы мүмкін. Бұл мәселені білім басқармасы басшысы Есенғазы Иманғалиев шалғай округтерде 5-10 баладан оқитын мектептер нормативке сай келмей отыр деп түсіндірді. Тіпті, бала саны жеткілікті 55 білім ұйым оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға даяр емес.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық білім басқармасының басшысы:

-Облыстың екі өңірі Сәтпаевпен Ұлытау ауданында бастауыш сынып оқуыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Облыстың 53 мектепінде, немесе, 11 пайызында ыстық тамыақ ұйымдастырылмай отыр. басты себептің бірі асхана жоқ. бұл мектептерде 1902 бала оқиды. Оның мемлекеттік қолдауға мұқтаж оқушылары саны-375 бала.  Ең көбі Шет ауданында 26, Бұқар жырау ауданында 15 мектепте тамақтану ұйымдастырылмай отыр.

Өңірдегі 808 білім ұйымының 700 астамы жылу беру маусымына дайындық актісін алып үлгерген. Қазірдің өзінде қажетті қысқы отынның 62,5 пайызы жеткізілген.  Оқушыларға қолайлы жағдай үшін биыл 186 білім ошағында 6,2 миллиард теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет болған.  бүгінгі күнге дейін 38 нысанда құрылыс толықтай ақталған. Десе де, аймақ басшысы жүйелі жұмыс жүргізе алмай отырған бірқатар қала, аудан әкімдерін сынға алды.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Кейбір жерлерде әлі жөндеу жұмыстары басталмаған. Кейбір жерлерде өте нашар жүріп жатыр. Сәтпаев, Қаражал, тағы қай жақ, Теміртау.

Биыл өңірде 2 жаңа мектеп қолданысқа берілмек. Оның бірі облыс орталығындағы Панель центр ықшамауданында  болса, екіншісі құрышты қала Теміртауда ашылмақ. Одан бөлек, алдағы жылдары ашылатын 6 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, облыстық білім басқармасының басшысы:

-Автономды жылу жүйелерімен қазандықтарға отынның нормативті қоры 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жеткізілуі тиіс. 385 білім беру нысаны үшін көмір қажеттілігі 110,7 мың тонна.  Оның 62,5 пайызы жеткізілген.

Аймақтағы шалғай елді мекендегі 1861 оқушы күн сайын көлік пен тасымалдау арқылы  білім алуда. Ол үшін 65 көлік қызмет етсе, биыл оның қатарына тағы 2 көлік қосылған. Аппаратты жиында, облыс әкімі барлық қала, аудан әкімдеріне мектептерді жаңа оқу жылына  25 тамызға дейін толықтай даярлауды міндеттеді. Кестеден кешіккендер қатаң жазаға ілігетін болды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар