ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

16:39, 3 тамыз 2020

1- ші қыркүйектен бастап, балаларды қашықтықтан оқыту қажет пе? Ал компьютері жоқ немесе интернет желісіне қосылмағандар үшін, бұл жүйе қаншалықты тиімді болмақ? Жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтауға арналған облыс әкімінің кезекті аппарат мәжілісінде, осы мәселелер қаралды

Оқу жылы әдеттегідей 1- ші қыркүйекте кідіріссіз басталады. Аймақ бойынша тек «қашықтан оқыту» ғана емес, бұрынғы жүйе бойынша да, білім беріле бастайды.Облыстық білім басқармасының жетекшісі Гүлсім Қожахметова жаңа оқу жылына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. 

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, облыстық білім басқармасының жетекшісі:

-1 қыркүйектен бастап біз облыстың 312 мектебінде қашықтықтан оқытуды жоспарлап отырмыз. 193 шағын ауылдық мектеп оқушылары бұрынғы қалыптасқан жүйе бойынша сауат ашатын болады.  Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқушыларды компьютерлер мен интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алудамыз.

Білім ошақтары, карантинге байланысты арнайы заласыздандыру құралдары және  антисептикалық қажет заттар мен толықтай қамтамасмыз етіледі. Ал, қашықтықтан оқытылатындар үшін арнайы қажет техникалар сатылып алынбақ. Бүгінгі таңда облыстың орта білім беру ұйымдарында 35 мыңнан астам компьютер бар. Олардың біразының тозығы жеткен көрінеді. Соған қарамастан облыстық бюджет қоры есебінен қазірдің өзінде 3777 компьтер сатып алынған. Бірақ, бәрі бірдей қашықтықтан оқытуға жеткіліксіз. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін тағы да, қосымша 5 мыңнан артық заманауий техника алынбақ. Оның 977 данасын  демеушілік қаражат есебінен сатып алу жоспарлануда. Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді қадап, тапсырды

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

- Қалалар мен аудандардың әкімдеріне білім бөлімдері мен  сондай-ақ ақпараттық мәселелер жөніндегі басқарма мен бірлесіп, жоспарланған компьютерлік техниканы  уақтылы сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл менің жеке бақылауымда болады. Әр апта сайын аппарат жиынында баяндайтын боласыздар. 

Сондай-ақ, аймақ бойынша оқулықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Кітаптардың 20% - ы алыстағы елді-мекендердегі мектептерге жөнелтілмек.  Сондай-ақ, биыл 413 мектептің  141 - не күрделі жөндеу  ал 272-не ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар