ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАЛАЙ БАСТАЛАДЫ?

16:52, 13 тамыз 2020

Жаңа оқу жылы – жаңа форматта. Оған елдегі ахуал себеп. Оқушылар онлайн сабақ оқыйды. Аймағымыз алдағы оқу жылын қалай бастайды, өңіріміздің дайындығы қандай деңгейде? Көбімізді мазалаған осындай сұрақтарға Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова жауап айтты

Бірінші қыркүйектен бастап, Қарағанды облысының 505 мектебі өз жұмысын бастайды. Елдегі жағдайға байланысты, білім беруді қашықтықтан және штаттық режимде ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, облыстық білім басқармасының басшысы:

-Қашықтықтан оқыту форматында облыстың 312 мектебінің оқушылары (186 880 оқушы немесе 93,4%) оқитын болады. Оқыту екі платформада SDOT «Білімал» және Daryn online.kz жоспарлануда. Бүгінгі күні мектеп және колледж педагогтерін осы платформаларда жұмыс істеуге оқыту жүргізілуде.Штаттық режимде ауылды елді мекендрде орналасқан 193 шағын жинақталған мектеп (13 060 оқушы)және 8 колледж  оқитын болады.

Бұрынғы қалыппен білім беретін мектептер, облысымызда  бар екенін айта кетейік. Оларда санитарлық талап қатаң қадағаланады. Қауіпсіздік үшін қажетті құралдар мен сұйықтықтар сатып алынған. Басқарма басшысы облыс бойынша қанша кезекші сынып ашылатынын да айтты.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, облыстық білім басқармасының басшысы:

-Сонымен қатар, ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық режимде бастауыш сынып оқушыларын оқыту ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда 60 мыңға жуық баланы қамтитын 5 мыңнан астам кезекші сыныптардың жұмысын жоспарлап отырмыз. Санитарлық нормалардың сақталуын ескере отырып, кезекші сыныптарға 15 оқушыдан  артық қабылданбайды. Сондай – ақ  балаларды бірінші сыныпқа қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 24 мыңнан астам бала қабылданады.Осы жылы өтініштерді қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылғанын атап өту қажет.

Баласын онлайн оқытуға әркімнің шамасы жете бермейтіні анық. Оған әрине компютер керек. Басқарма басшысының мәліметінше облысымыздың компютерлік паркінде 35403 компютер бар екен. Жыл басынан бері 3777 заманауи жаңа техника сатып алынған. Оқу басталғанға дейін тағыда 5682 данасын алу жоспарда бар.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, облыстық білім басқармасының басшысы:

-Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін алдымен біз оқушыларды, сондай-ақ мұғалімдерді компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қашықтықтан оқытуда компьютерлері жоқ барлық оқушылар мен педагогтерге уақытша пайдалану үшін мектеп техникасы беріледі. Беру рәсімі 15 тамыздан басталады.

Биылғы оқу жылындағы маңызды дейтін жаңалықтардың бірсыпырасын естеріңізге саламыз. 20 тамызда біріңғай сыныпсағаты, ал 21 тамызда арнайы ата-аналар жиналысы өтпек. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға кеңсе тауарлары мен киім сатып алуға білім беру қорынан 25 000 теңге беріледі. Ал, Кәсіподақ тарапынан ұстаздарға да әлеуметтік көмек ретінде 20 млн теңге бөлінбек. 

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар