ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

18:07, 15 маусым 2018

«Нұр Отан» партиясының ұйтқы болуымен тағы бір оқу орталығы ашылды. Бұған дейін Шахтинск қаласында қолданысқа берілсе, енді Қарағандыда есігін айқара ашты. Қаламыздың Абай атындағы кітапхана ғимаратындағы оқу орнына кез-келген адам келіп, өз қалаған білімін алуға мүмкіндік туды

Алғашқы коворкинг орталығы мамыр айының аяғына қарай Шахтинскі қаласында ашылған-ды. Екінші осындай орын Қарағанды қаласы тұрғындары үшін есігін айқара ашты. Бұл «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының ілкімді жобасы. Мұнда уақытты тиімді өткізу мен қатар,өз талабыңызды арттыруға мүмкіндік зор. Кітап оқып, шығармашылық кештерді тамашалауға болады, дейді мамандар. Тіл меңгеріп, әуен тындап, сезімге де бөлене аласыз.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «Жас Отан» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

- Елбасымыздың қолдауы мен осындай орталықтар ашу одан әрі жалғасады. Бұл «Нұр Отан» партиясының зор қолдауы деп білеміз. Жыл аяғына дейін тағы да 22 орталық ашу жоспарланған

Әдебиеттер цифрландырылған. Мобильдік  қосымшаның көмегімен санаулы секундттарда кез-келген кітапты таба аласыз. Дамыған өркениет әлемінде оқу форматы да өзінің моблильді әрі қолжетімділігі мен ерекшеленеді. Ұлттық кітапхананың алтын қорына онлайн жүйесі арқылы қосылуға болады. Осындай заманауи орталықтар әлемнің кез-келген қаласында тәжірибеде бар көрінеді.

Азиза ПЕЧОРИНА, таланттар үйінің  өкілі:

- Бізде әртүрлі курстар бар,мысалға гитара,актерлік және шешендік өнер шеберлігі мен қоса француз және ағылшын тілдерін үйренуге болады.Танго,фламаенко,вальс тағы басқа билер бар.Біз барлық бағыттарды қамтимыз. Шетелдік жоғары оқу орындарына хат жазып, хабар алысу да қолжетімді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жобалар да қамтылған.

Оқу орталығы қарағандылық жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің айтуынша, мұндай орталықтар аймақтың басқа да аудан, қалаларында жыл аяғына дейін ашылады деп жоспарлануда. Олардың пайымдауынша, жастар арасында оқу мәдениеті қалыптасып, кітап оқуға деген құмарлық аңағұрлым артады.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...