ОЙЫН АЛАҢЫНДА БАЛА ҚАЙТЫС БОЛДЫ

16:30, 12 маусым 2019

Кеше қаладағы сауда орталығының бірінде 7 жасар бала көз жұмды. Мерт болған баланың жанында анасымен әпкесі болған. Алайда ойын сауық орталығына өз аяғымен барған қыз кенеттен неге ажал құшты?

Оқиға болған ойын алыңына біздің түсірілім тобыда жетті. Бірақ, бүгін онда  санитарлық күн жариялаған, сондықтан жабық болып шықты. Әуелде сауда үйінің қызметкерлері  қандайда бір мәлімет беруден бас тартты. Алайда,  оқиғаны көрген куәгерлер болған жайтты жасырмады..

Тек арада жарты сағат өткенде , сауда үйнің  әкімшілік өкілдері  журналистерге сұхбат беруге келісті. Айтуларынша, түстен кейін ойын сауық алаңына келген жеті жастағы  қыз бала алтыбақаннан құлап, талып қалған. Оқыстан жығылған  сіңілін  13 жасар апасы бірден байқайды,дереу адамдарды көмекке шақырған. Сол бетте балаға алғашқы көмек көрсетілген.

Людмида КАЧАНЕНКО, «SAFARY» ойын -сауық орталығының әкімшілігі:

-Апасы сіңілісін көріп айқай салды. Барлығымыз бардық. Дәрігерлер  бала жүрегінің қағуы үшін, алғашқы көмекті жасады. Дәл сол уақытта жүрегі  өте баяу қақты. Жедел жәрдемді де шақырдық.

Жедел жәрдем тек он бес минуттан кейін келген. Бірақ ақ желең иелері  қанша әрекет жасағанымен, бүлдіршінді аман алып қала алмады. Бейкүнә бүлдіршін  сол жерде көз жұмды. Бүгін  күндізгі сағат 11-де журналистерге сұхбат береміз деген дәрігерлер аяқ асты бас тартты.

Людмида КАЧАНЕНКО, «SAFARY» ойын -сауық орталығының әкімшілігі:

-Үшеуі ойнап жүргенде анасы қасында болған жоқ. Тек 13 жастағы үлкен апалары болды қасында. Бүлдіршіннің денсаулығында кінарат болғанын  байқамадық. Сырт көзге сау бала болып көрінді. Кейіннен анасы баласының тіркеуде тұрғанын айтып қалды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бейресми мәліметтер бойынша, көз жұмған бала Балқаш қаласында  тұрады. Ал, нақты қандай диагнозбен тіркелгені жөніндегі анықтаманы  ата-анасының рұқсатынсыз ешкімнің айтуына рұқсат жоқ.Кімнің кінәлі екені тергеу амалдарынан соң белгілі болады. Бірақ сот сараптамасының алдын ала болжамы бойынша жеткіншектің жүрегі айнып, асқазаннан шыққан сұйықтыққа қақалып қалған.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар