ОЙДЫМ – ОЙДЫМ ЖОЛДАР...

13:27, 11 сәуір 2019

Биыл металлургтер қаласының жолдарын жөндеуге 1,5миллиард теңге жұмсалады.Қомақты қаражатқа құрышты шахардың тек басты көшелері емес,ықшам аудандаарының асфальттарында қалыпқа келтіру жоспарлануда. Теміртау қаласының әкімі жолдардың бойымен жүріп, мердігерлерге кемшілігін көрсетті

Құрышты қаланың кейбір жерлеріндегі жолдар құдды бір көктемдегі   қармен қоса еріп кеткен сыңайлы.Сапасыз төселген асфальттар бүгінде ойдым-ойдым жолға айналған.Ал  осыдан екі жыл бұрын Республика даңғылына орташа жөндеу жүргізілген.

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

-Сапаға келгенде олардың бізде құжаттары бәрі бар. Зертханадан өткен. Дегенменде бізге жауап береді.

Әрбір жолдың шұңқыры шыққан тұстары мен қисық қойылған жиек тастарды Ғалым Әшімов мердігерге көздерін шұқып көрсетті. Алайда ақталып бәйек болған  жауапты компания өкілдері кемшіліктерді жойып, бақылауда ұстаймыз деп уәде берді.

Григорий АКАПЯН, мердігер:

-Жолдың деңгейі қанаттарлық жағдайда.Әрине азды-кемді участкелерде олқылықтар бар. Келісімге сәйкес кепілдік қызмет көрсетілген.Бір айдың мұғдарында мәселені реттестіреміз. Дегенменде  күн райының қолайлы болуына қараймыз.

Мысалы  Металлургтер даңғылындағы  жолға  теміртаулық  тұрғындардың басым көпшілігінің көңілдері толмайды.Өйткені асфальттардың  сапасы сын көтермейді.

Ғалым ӘШІМОВ, Теміртау қаласының әкімі:

-Металлургтер даңғылы бойына халық тарапынан біршама шағымдар бар екені рас. Заң бұзушылықтарда көп.Мердігердің айтуынша су көп жиналған.Кәріз құбырлары мен құдықтары жақсы жұмыс жасайды.

Бірақ өкінішке қарай мердігерлік фирма,  кәріз жүйелері  секілді қызу жұмыс жасамайтын болыпты мыс.Жергілікті билік оларды сотқа беруді жоспарлап отыр. 2017 жылы  Республика және Металлургтер даңғылы қалыпқа келтірілген. Мердігерлердің кепілдікі мерзімі аяқталады.Сондықтан компания өкілдері  жіберген ақаулардың орнын толтырып үлгеруі  тиіс.2019 жылы Теміртаудың жолдарды жөндеуге 1,5 миллиард теңге бөлінген. Басты кезекте басымдық  ішкі асфальттарды тақтайдай етіп тегістеуге беріледі. Құрышты қаланың  70, 71 мен 9 ықшам аудандарындағы жолдары жөнделеді.Бұдан бөлек  Амангелді және  Коммунаров көшелеріне  жаңа жол жабыны төселеді.    

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар