ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

13:57, 15 қазан 2020

Қарағандыда облыстық «Saryarka» спартакиадасы басталды. Тартысты дода ел егемендігінің 30 жылдығына арналып отыр. Сайыстың ашылу салтанаты карантин талаптарына сай, онлайн режимде жүзеге асты. Бәсекелестіктің алғы шарты қандай?

Жүзден жүйрік атанамын деп келген сайыскерлерді алда тартысты дода күтіп тұр. Олар шахмат, шашки, бес асық, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, гимнастика, пауэрлифтинг, футбол және кір көтеру секілді спорт түрлерінен өзара сайысады. Кіл мықтыны анықтайтын жарыс қорытындысы 18 қазан күні белгілі болмақ. Спортшыларға облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов сәттілік тіледі.

Абзал НҮКЕНОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

Сайыстың бір ерекшелігі, мұнда жас шектеуі жоқ. Балалардан бастап, ересектерге дейін бақтарын сынай алады. Сондай-ақ, додаға аймағымыздың барлық қала мен аудандарынан спортшылар қатысуда. 

Нұрлан ТҮСІПОВ, спартакиаданың бас төрешісі:

Жүлделі орынға ие болған командалар медальмен, кубокпен және арнайы дипломмен марапатталмақ. Шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқысымен ұйымдастырылуда.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар