ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

17:08, 21 қыркүйек 2020

Бүгін Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаттары өңірдегі әлеуметтік мәселелерін қарап,оның шешу жолдары ұсынды. 42-ші кезектен тыс сессия онлайн режимде болды. Алқалы жиынға аймақ басшысы да қатысып, атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ жуық арада жүзеге асуы тиіс межелі міндеттер де талқыланды

Облыста коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін - деген болжамға орай  дайындық шаралары да күшейтілген.  Қазір өңірде күн сайын COVID-19  вирусын жұқтырғандар саны  5 адамнан  аспайды. Бұл орайда,  стационарлардағы төсек-орын жүктемесі 5% -ға дейін азайып отыр.  Ал, ауруханаларда дәрі-дәрмектер қоры қажетінше қамтылған.  Бұдан бөлек, өңір басшысы аймақтағы өзге де салалардың жұмысына тоқталды.  Болшаққа құрылған жоспарларды да тілге тиек етті.

 Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

- Енді әлеуметтік сала бойынша. Жұмыспен қамтуды сақтау үшін жұмыс орындарын құруды жалғастырамыз. Мемлекеттік бағдарламалардың  барлық мүмкіндіктерді пайдалануда. Еңбек бағдарламасын іске асыруға 8,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл бағдарлама бойынша 43 мыңнан аса адам қамтылады.

Облыста вирусқа қарсы тұру шаралары белсенді. Сәйкесінше, жергілікті билік экономикадағы оң динамиканы сақтап қалу мақсатында барынша үшін жұмыс істеуде. Жалпы, Қарағанды өңірі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты дамуды сақтап келеді. Бүгінде Қарағанды, Жезқазған, Теміртауда газ тарату желілері, Қарағанды, Балқаш қалаларында жылу желілері салуынуда.

Игорь АХМЕЕВ,  облыстық мәслихаттың депутаты:

- Біздің өңірді одан әрі дамытудың келесі бағыттарын белгілеп, депутаттардың ортақ пікірін  жеткізгім келеді.  Біріншіден-барлық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу және мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын сапалы орындау. Екіншіден-шағын және орта бизнесті қолдау шараларын сақтау және әлеуметтік салада басталған жобаларды аяқтау. Атап айтсақ,  ауруханалар құрылысы, 5 өңірдегі дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары және балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін  объектілер салу.

Отырыс нәтижесінде мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар әлеуметтік саланы оңтайландыру бағыты бойынша өз ұсыныстарын да айтты. Мысалы, денсаулық сақтау саласында  алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді барынша дамыту қажет -деді.  Депутаттар "Кезексіз емхана", "Damumed" және басқа да жобалар шеңберінде жұмысты жалғастырып қана қоймай, барлық емдеу және алдын алу іс-шараларын кеңейту қажеттігін атап өтті.  Облыс тұрғындары үшін тағы бір маңызды мәселе – тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Нұржан ИМАНОВ,  облыстық мәслихаттың депутаты:

– Біз тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі одан әрі арта түсетініне сенімдіміз. Бірақ тұрғын үй салу үшін жер учаскелері инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс. Өйткені, біздің әр өңірде бас жоспарға сәйкес оны кешенді дамыту әзірленді.

Маңызды жиында халық қалаулылары экология, ауыл шаруашылық, қоғамдық тәртіп және Ленин көшесін Абай атына ауыстыру  мәселесін де назарға алды.  Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында  әр саланы қамтыған  10 түйіткілді тақырып талқыланды.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар