ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

15:27, 10 қаңтар 2019

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 21-ші сессиясы өтті. Онда бұрынғы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты облыстық мәслихат хатшысының өкімімен сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру жөнінде уақытша қызметтік топ құру талқыланды.

2018 жылдың 30 қарашасы мен 20 желтоқсаны аралығында Уақытша сайланған топ саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және олардың құрылымдық бөлімшелерінен құралып жатқан сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер бойынша келіп түскен ұсыныстарды жинау және өңдеу жұмысын жүргізген. Бүгін таңдап алынған мамандар бірізді істі әрмен қарай жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Алда бізді бірқатар тапсырмалар күтіп тұр. Ол 2019-21-ші жылдардағы сайлау. Ол турасында тығыз жұмыс жүргіземіз деп ойлаймын. Сондықтан да бірігіп жұмыс жүргізу керек.

Облыстық мәслихаттың аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру жөніндегі төрағасы Марат  Миргаязов болды. Онымен қатар тағы 7 маман осы жұмысты әрмен қарай жүргізеді.

Марат МИРГАЯЗОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты;

-Сайлау комиссиясының құрамына түрлі қызмет салаларынан, Қарағанды облыстық мәслихаты орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұрып жатқан, жақын туысқан болып табылмайтын кандидаттар ұсынылды. Барлығы сотталмаған, жоғарғы білімі бар. Облыстың қоғамдық және саяси өмірінде талай жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинақтағандар.   

Отырыс нәтижесінде мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына «Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы» мәселе мен шешімнің жобасы енгізілді. Сонымен қатар сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі шаралардың күнтізбелік жоспарынан келіп шығатын барлық қажетті жұмыстар жүргізілсін деген шешім шығарылды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар