Облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс сапары жалғасуда

17:36, 16 мамыр 2017

Бұл жолы халық қалаулылары Шет ауданына қарасты Киікті және Босаға ауылдарына арнайы барып, Елбасының «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан мақаласындағы міндеттерді талқылады.Мазмұнды мақаланы тараптар болашақтың бағаналы бағдаршамына балайды.Сонымен қатар депутаттар тұрғындардың ұсыныс тілегін тыңдап, өлкенің ахуалын көзбен көрді

«Саяси және экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыру үшін қоғамның рухани жаңғыруы аса қажет. Ол үшін замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың алғышарттарына айналдыра білуіміз керек», – деді Елбасы өз мақаласында.Ал депуттатар бәсекеге қабілеттілікті арттыру табысқа жетудің қайнар көзі екенінде қарапайым қарашаға нақтылып насихаттады. Халық қалаулылары жергілікті  тұрғындармен кездесу барысында  жаңғыру - уақыт талабы сұранысының  бүгінгі бөлінбес бөлшегі, қоғамдық өлшемінің негізгі тірегі деп орамды ойларын ортаға салды. Депутаттар Сыдық Мұхамеджанов атындағы жалпы білім беретін мектептің жағдайында назарға алды.Білім мекемесінде 200-ден астам бала оқиды. Киікті маңынан жақында «Ұзын жал» кеніші ашылады. Соның нәтижесінде 40-тан астам адам жұмыспен қамтылады.Ауылдағы өзекті мәселелерді олар мейлінше шешуге тырысты.Облыстық мәслихаттың депутаты  15 шақырым тас жол салып беретінін айтқанда ағайының  жүрегіне қуаныш ұялады. Сәтін салса, Киіктіден азық-түлік дүкені бой көтереді. Әлеуметтік нысан пайдалануға берілгенде отандық өнімдер халыққа ең төменгі бағамен саудаланады. Депутаттар темір жол бойындағы Босаға ауылында айналып өтпеді. Толғақты сауалдарды таразылайтын тарап әлеуметпен қоса ұлт көшбасшысының ой-толғамы төңірегінде емен-жарқын әңгіме өрбітті. Әсіресе латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің жаңа тынысын ашады- дейді депутаттар.Стратегиялық құжаттың осы бағыты  арқылы жастарымыз әлемнің тарихы және мәдениетімен ғылымына ынтасы еселеп артатыныны сөзсіз.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар