Облыс орталығының барлық тұрғындары жылумен қамтамасыз етілді

17:48, 11 қазан 2017

Қарағандылықтарға уәде еткендей 1 қазаннан бастап жылу берілді. Жауапты науқанға дайындық жұмыстары қалай жүргізілді. Бұл туралы Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті 18 сессиясында талқылады

Қарағандыдағы 2320 үйге жылу берілді. Яғни, бұл 100 пайыздық жылумен қамтамасыз етілгенінің көрінісі. Қыста жылуға қатысты  мәселелер орын алмас үшін биылғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Шығыстағы жылу желілері қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ, Пришахтинскідегі М8 магисталь желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда монтаждау жұмыстары аяқталды. Шағын аудан орталық жылуға қосылды. Енді тек абаттандыру жұмыстары қалды.  

Рүстем Қожақапанов Қарағанды ТҮКШ  бөлімінің жетекшісі

Аталмыш жобаны жүзеге асырудың арқасында мемлекеттік мекемелер мен Пришахтинскідегі әлеуметтік мәдени нысандарды қосымша  орталық жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Енді Шахтерлер кентінің 60 көпқабатты тұрғын үйлерді орталық жылуға қосу үшін жұмыстар легі жоспарлануда.

Кеншілер шахарын жылумен қамтамасыз етуде кездескен сұрақтарыжөнінде Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров өз пікірін білдірді.

Нұрлан Әубәкіров Қарағанды қаласының әкімі

Біз жобаны өте ұзақ жүзеге асырдық. Облыс басшысының қолдауының арқасында биылғы жылы бізге ақша беріліп монтаж жұмыстарын аяқтадық. Бүгіннің өзінде М8 диаметрі 500 ден 600 ге ұлғайды. Бұл бізге Шахтерлер кенті техникалық қосуға мүмкіндік береді. Шахтерлер кентінің мәселесі енді түсінікті болды. Біз оны 2-3 жыл көлемінде шешеміз.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша канализация коллекторын қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. «Қарағанды Жарық» жылу беру маусымына дайындық аясында 67 шақырым электр желілері мен 75 шағын станцияларды жөндеуден өткізді. «Горкомхоз»өз қаражаты есебінен Шахтер кентіндегі жылу қазандығы құрылғысы мен электр желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...