Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда

18:41, 21 қараша 2017

Биыл игі бастаманың нәтиежесінде 10 бұрыңғы сотталушы жұмыспен қамтылған.Бұдан бөлек екі қолға бір күрек тауып беретін мекемелер тарапынан темір тордың ар жағынан келген жандарға жәрдемақылар тағайындалуда

Руслан Зернов ұрлық жасап үш жыл алты айға сотталады.Түрмеде жазасын өтеп шыққаннан соңол өмірге көзқарасын түзеуді жөн санайды.Шахтинск қаласының тұрғыны жұмыс іздеп талай мекеменің табалдырығын тоздырады. Кейін  Жаңарқалық кәсіпкерді кезіктіріп,   «Тұлпар» шаруа қожалығының жетекшісімен келісімге келіп, еңбек етуге бел байлайды.

Руслан ЗЕРНОВ жұмыскер

Мені мұнда ешкім ренжітпейді. Өзімнің бірді –екілі жеке меншік малым бар. Айлығымды дер кезінде төлейді.Сондықтан шағымданбаймын. Әрі  тірлігімді  жалғастырудан жалықпаймын.

Ал Имантүсіп Ахметжанов  Русланның мал шаруашылығына  тиянақты екеннін бірден байқайды.Жұмыскерінің табандап төккен теріне  көңілі толатын  қожалық иесі зәулім үй сыйлайды. Сонымен қатар сиыр мен  қойдыда тегін берген.Пилоттық жобаның шапағатын көріп, шарапатына бөленіп отырған Руслан Зернов келешекте қаз бен үйрек өсіруге құлшынып отыр.

Имантүсіп АХМЕТЖАНОВ  «Тұлпар» шаруа қожалығының жетекшісі

Қарамағыма жұмыскер қылып алдым.Еңбек істейтін жігіттерге әрқашанда қолдау көрсетеміз. Әрі қарай  малын өсіруге және әлеуметтік жәрдем беруге тартынып қалмаймыз.

Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанынан сотталғандарға қол ұшын созу мақсатында алқалы кеңес құрылған. Тиісті құрылым 17 құзырлы ұйыммен тығыз байланыс жасайды. Бүгінде мерзімінен бұрын шыққан  39 адам құқық қорғау органдарының  тізімінде тұр. Жаңаарқа ауданының пробация қызметіде үнемі олардың қадамын ай сайын қалт жібермей қадағалайды.

Қанат ҚОЖЫҚАЕВ Жаңаарқа ауданы әкімінің міндетін атқарушы

2017 жылы 27 тамызда облысы әкімі «Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасын бекіткен болатын.Жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр.  Бастама аясында тағы бір кәсіпкер ниет білдіріп отыр.  Әкімдік жанындағы кеңестің биыл үш рет отырысын өткіздік.

Бектас АЙЖОЛОВ   Жаңаарқа ауданы пробация қызметінің аға инспекторы

 Есепке тіркелген уақытта  сотталған тұлғаларға құқықтық бағдарлама жасалып,  сол арқылы тегін медициналық тексерістен өтеді.  Отбасылары болса, жұмыс қамту бөлімінің септігімен оларға жәрдемақы тағайындалады.  Киім-кешекпен қамтамасыз етеміз.  Игілікті іс мұнымен тоқтап қалмайды.  Келер жылғада жоспарымыз жеткілікті.

Бүгінде ауданда бостандыққа шыққан 4 азаматқа материалдық көмек көрсетіліпті. Өз ісін ашуға ниет білдірген 2 адам оқу курстарынан өткен. Жаза басқандардың біреуі  ауыр жүк тасымалдаумен айналысатын  кәсіп ашқан.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...