ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

17:14, 20 қыркүйек 2019

«Nur Otan» Партиясы филиалының төрағасы тағайындалды. Кеше ғана Қарағанды облысының әкімі лауазымына лайық деп танылған Жеңіс Қасымбек еліміздегі бас партия мүшелерімен ресми түрде танысты. Жаңа аймақ басшысына алдағы еңбек жолында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сәттілік тіледі

ХХХІІІ кезектен тыс партия конференциясында шешім бірауыздан қабылданды. Бас партияның халық мүддесін қорғайтын жаңа төрағасына үлкен үміт артылғанын жеткізді. Жауапты лауазымға ие болған Жеңіс Қасымбекті - әріптестеріне «NurOtan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек таныстырды. 

Бауыржан БАЙБЕК, «NurOtan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-Өздеріңізге белгілі партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси кеңестің кеңейтілген отырысында партияны жаңғырту бойынша жаңа міндеттер қойды. Осы міндеттерді іске асыруда партия филиалдарының басшылығына үлкен жауапкершілік жүктеліп тұр.

Елбасы партия мүшелеріне халыққа жақын болуды жүктеген болатын. Сондықтан, қоғам сеніміне ие болып, қарапайым жандардың өзегін өртеген мәселелерді шешуде барынша белсенділік таныту керек – деді Бауыржан Байбек. Ал, Жеңіс Қасымбек өз кезегінде партияластарына сенім білдіргендері үшін алғыс білдірді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі, «NurOtan» партиясы филиалының төрағасы:

-Елбасымыз, партияның лидері сеніп тапсырған міндеттердің бәрін Қарағанды облысының филиалы да жоғарғы деңгейде орындайды деп сенім білдіремін. Халықтың әл ауқатын жақсарту және облыстың экономикалық деңгейін әрі қарай дамыту үшін білімімді, тәжірибемді , күш - жігерімді - бәрін саламын.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар