Облыс әкімі Ерлан Қошанов алғашқы іс-сапарын Бұқар жырау ауданынан бастады

Ол қызыл суға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Аймақ басшысы осы ауданға қарасты Көкпекті, Ботақара елді мекендерде болып қайтты

19:20, 18 наурыз 2017   635

Су тасқыны орын алуы мүмкін деген қауіпті аймақтардың бірі -Көкпекті су бөгеті. Алдымен аймақ басшысы осы ауылдағы нысанға ат басын бұрып, алдын алу шараларымен танысты. Аталған су тоғаны 2015 жылы комуналдық меншікке берілген болатын. Бүгінгі күні су деңгейі бір қалыпты, төніп тұрған қауіп жоқ деседі.

Осыдан кейін облыс әкімі Қарағанды – Аягөз - Бұғаз бағытындағы республикалық маңызы зор тас жолын қардан тазарту жұмыстарымен танысты. Мұндағы жұмыстар штаттық режимде атқарылуда.

Сонымен қатар, Петорвка аулының іргесінен ағып өтетін Нұра өзенін тал,қоқыстардан тазарту амалдары кестеге сай жүргізілуде. Мұндай жұмыстар мұздардың бір жерде кептеліп қалмауына кепілдік береді. Аймақ басшысы өзеннің бұрлыстарын ескере отырып кей жерлердегі арналарды бір-бірімен теңестіруді тапсырды.

2015 жылы Қарағанды-Ботақара-Тоғызқұдық жол торабындағы көпірді қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізілген болатын. Бүгінде бұл жерде жаңа құрлыс қызу жүруде. 2018 жылға дейін жоспарланған жаңа көпір бикі, әрі берік бекем етіліп жасалынбақ. Жалпы жоба құны 866 млн теңге.

Бұқаржырау ауданында қызыл су тасқынына, жалпы төтенше жағдайларға байланысты аудандық бюджеттен 35 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, барлық елді мекендердегі қарды тазалау жұмыстары қарқынды жұмыс жүргізіліп, сақтық шараларын жасалуда.

Облыс бойынша 228 су бөгеті бар. Оның 172-сі қауіпті аймақта. Негізінен қауіп Нұра және Шерубай Нұра өзендерінен төнеді. Қос өзен облыстың бес ауданын бойлап ағады. Бұдан бөлек облыс бойынша алдын алу жұмыстары қалай жұргізілуде? Қандай шаралар қолға алынып жатқандығын төтенше жағдайлар департаментінің басышысы облыс әкіміне баяндап берді.

Облыс бойынша су тасқынның алдын алу жұмыстарына 1 млрд 800 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Құтқарушылардың арнайы жасағы сақадай сай. Мамандардың пікірлерінше қызыл су тасқыны болу, болмауы ауа райына байланысты. Қалың қар қауырт ерісе қауіп болады. Сол себепті облыс басшысы кез келген жағдайға дайын болу керектігін баса айтты.

Ботабек ТІЛЕГЕНОВ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25