«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

17:24, 24 маусым 2019

«Нұрлы жол» бағдарламасы – мақсатты межелердің бағдары. Бүгін облыс әкімдігіндегі кезекті аппаратты жиында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының өңіріміздегі жүзеге асуы қорытындыланды

«Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асқалы бері инфрақұрылымды дамытудың даңғыл жолына басымдық берілгені сөзсіз. Осыған дейін 500 техникамен 2000 астам адам еңбекпен қамтылған. Қазірдің өзінде «Нұрсұлтан-Теміртау-Қарағанды-Балқаш-Алматы» бағытындағы жолдың басым бөлігінде құрылыс жалғасуда. «Қарағанды-Балқаш» аралығындағы 362 шақырымға 15 миллиард теңгеге жуық қаражат игерілді.

Әскербек ХАЛТОНОВ, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

-Орталық-Оңтүстік дәлізіндегі жолдарды «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асыруға 95 миллиард теңге қаражат қарастырылды. Былтырғы жылы 3 көпір толықтай қалыпқа келді. 380 шақырым жол орташа жөндеуден өтіп, өңірдегі жол сапасының 76 пайызы жақсы деңгейге жетті.

Биыл облыста 500 шақырымға жуық жол жөнделмек. Ол үшін бюджеттен 28 миллиард теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер де  жаңарады деп күтілуде. Өңірдегі ағымдағы жылы жөнделетін жолдың 63 шақырымын республикалық маңызға ие болса, ол мақсатқа 14 миллиард теңге жұмсалмақ. Жалпы, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша өңірімізде 5 маңызды міндет жүзеге асуы тиіс болған.

Ораз ТӘУІРБЕКОВ, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

-Бағдарлама аясында 8 көрсеткішпен 11 іс-шара қолға алынуы тиіс болды. Былтырғы жылы 4 көрсеткіш бойынша 9 іс-шара жүзеге асты. Жыл соңында нақты жұмыстардың нақты нәтижесін көретін боламыз. Қарағанды өңірінде қаржы тиімді жүзеге асып жатқанын айта кеткен жөн.

Облыс  әкімі Ерлан Жақанұлы қала, ауданаралық жолдардың сапасын жақсартуға басымдық беруді тапсырды. Ең бастысы халықтың қатынауына еш кедергі болмау керек деп сөзін аяқтаған аймақ басшысы жөндеуден өткен кейбір жолдардың сапасына көңілі көншімейтінін және  жеткізді.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Осы уақытқа дейін жөнделген жолдарға жауапты мердігер компаниялармен жұмысты ширату керек. Ертеңгі күні мерзімі өтсе жағдайдың ушығары сөзсіз. Қаражал, Жәйрем, Атасу жолдарын жөндеуді әлі де қолға алу керек.   

Сондай-ақ, жиында облыс әкімі бірқатар кадрлық ауыс-түйісті хабарлады. Атап айтқанда, Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу департаментін енді   Данияр Ақжанов  басқарады Ал, облыстық  мемлекеттік сәулет, құрылыс бөлімі бастығы болып  «аты-жөні қойылады» тағайындалды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар