«НҰРЛЫ ЖОЛ»

15:38, 8 қаңтар 2019

Өткен жыл облысымыз үшін қандай жыл болды? Әртүрлі салалардағы атқарылған жұмыстар жөнінде жаңалықтарымызда сараптайтын боламыз. Бүгін біз 2018 жылы облысымыздың тұрғын үй коммуналдық салаларын жаңғырту бағытында жасалған іс-шараларға тоқталмақпыз. Оның ішінде жылу, су жүйелері мен көлік жолдарының сапасы қаншалықты жақсарды?

Өткен жылы елдің басты талқысына түскен тас жол  Астана мен Алматы арасын жалғайтын автобанның құрылысы болғаны белгілі.  2020 жылы аяқталуы тиіс бағытта қазір Қарағанды маңында айналма жол салынып жатыр. 48 шақырымға созылған бұл учаске келер жылдың соңына дейін тапсырылады. Облыс әкімі Ерлан Қошанов та  оның сапасын тікелей өзі қадағалап, сан мәрте мердігерлерге де ескерту жасады. Құрылысына республикалық қазынадан 35 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қазір аумақта екі бірдей түрік компаниясы жұмыс атқарып жатыр.  Дәл сол жерге сағатына 360 тонна асфальт шығаратын Қазақстандағы ең ірі зауыт салынған.

Қанат ШАЙМИН, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚОФ директоры:

 –Жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 60 пайыз топырақ төселіп болды. 10 күннен кейін басқа жұмыстарға кірісетін боламыз. Келесі жылдың қараша айында толықтай аяқтайтын боламыз.

Мамандардың айтуынша, күре жолдан тәулігіне 20 мың көлік өтеді екен. «Ал егер айналма жол ашылса, Қарағандыда кептеліс азайып, қалаішілік жолдар тозбауға мүмкіндік тумақ. Қарағанды облысында 2018 жылы 1000 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған болатын. Олардың 417 шақырымы - республикалық маңызға ие, 620 шақырымы - жергілікті маңызы бар және елді мекендердің көшелеріндегі жолдар.   Жол жөндеулерге барлық деңгейдегі бюджеттерден 44,6млрд теңге бөлінді. Елбасының алға қойған «Көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру» тапсырмасы шеңберінде республикалық бюджеттен  350 шақырым жолды жөндеуге 2,1 млрд теңге берілген.  Өткен жылы Қарағанды-Жезқазған бағытындағы тас жолы да жөнделіп, екі бағытты қамтитын 520 шақырым жол қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ, 700 миллион теңгеге шаһардағы басты екі көше жөнделсе, 73 миллион теңгеге Омаров көшесі жаңартылған. Ал, Қарқаралы ауданында 50 шақырым жол қайта қалыпқа келтіріліп, екі көпір салынды. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» бағытындағы 500 шақырым жолда өткен жылы жаңғырған күйде  ел игілігіне берілді. Бұл жаңа жолдың құрылысы өткен жылы басталды. Айта кетерлігі, жол қозғалысы бір жақты болады. Яғни, жүргізушілер Республика даңғылы арқылы Приканальная көшесіне шығады. 1,7 шақырым жолдың құрылысына облыстық қазынадан 2 млрд-қа жуық қаражат бөлінген.

Ескендір ҚАБИДОЛЛА,   жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а:

-25 шілде 2018  - Қазіргі танда жергілікті мердігер компания өз жұмысын жоспарға сәйкес  атқаруда. Қазір тротуар салынып, біраз жұмыстар атқарылды. Жаңа гүлзар мен жаңа жол халықтың кәдесіне біраз жылға жарайды деген ойдамыз.

Қарағандыда биылғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу жүйелері магистралдерінің ауқымды жаңғыртуы өткізілді. Барлық жобаларға шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Гоголь көшесінің бойында бір шақырымға жуық желілер, Республика даңғылында бір шақырымнан астам, ал Чапаев көшесінде екі учаске жөнделді. Бұған қоса «Қарағанды Су» компаниясы 1,5 шақырым кәрізді ауыстырды. Коммуникацияларды жаңғырту жобаларында жергілікті кәсіпорындардың өнімдері пайдаланылады: құбырлар, ілмекті арматура. Өндірушілер 20 жылдан астам кепілдік береді. Қарағанды қаласында келесі жылы тағы осындай екі аумақта жылу құбырлары жөнделетін болады. Жалпы «Нұрлы Жол» бағдарламасына сәйкес шаһарда  4 магистралды жылу желісі жаңартылады. Бұған мемлекеттік бюджеттен 5 миллиардтан астам қаржы бөлінген.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар