«НҰРЛЫ ЖЕРДЕН» БАСПАНА

18:49, 25 маусым 2020

Нұра ауданында биыл 41 отбасы баспана бақытына ие болады. Бұл мақсатта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 696 млн теңге қаржы бөлінген. Тұрғын үйлер құрылысы бүгінде Нұра кентімен Баршын ауылында жүргізіліп жатыр

Нұра кентіндегі 3328 шаршы метр жер аумағы баспана салуға берілген.   Бірнеше бригадалық топтың жұмысы қызу.   Қазір құрылысы қарқынды 2 пәтерлі 20 үйдің іргетасы мықты қалануда.Баспананың ерекшелігі суық өткізбейді, отын үнемдейді. Себебі қабырғанын ішкі және сыртқы бөлігі  10 сантиметрге дейін жылытқыш материалдармен  қапталады. Құрылысқа тек отандық өнімдер пайдаланлып жатыр.

Нұралы ҚАЛИЕВ, тұрғын үй құрылысы бойынша комиссия мүшесі

Жалға берілетін тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Бұған республикалық қазынадан  696 млн теңге қаржы құйылған. Мамыр айында құрылысы басталған нысанды мердігер компания жыл соңына дейін қолданысқа береміз деп отыр. Сапасына да 100 пайыз кепілдік,-дейді.

 Бақытжан АСАНОВ, мердігер компания өкілі

Бес жыл горантия береді,  үй туралы

 Нәтижесінде Нұра кентінде  биыл 40 отбасы баспаналы болады. Пәтерлер аз қамтылған отбасылар мен күтушісі жоқ жетім жандарға және мемлекеттік қызметкерлерге беріледі.Бұдан бөлек көп балалы аналарға арнап аудандық әкімдік жергілікті бюджет есебінен  үй сатып бермекші .  Жалпы аудан бойынша пәтер кезегінде 365 жанұя тұр. Дәл осындай  екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы Баршын ауылында да жүріп жатыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар