«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ

15:18, 18 қараша 2019

Қарағанды облысында осы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құны 8,4 млрд теңгеге жуықтайтын 1 137 жалдамалы пәтер салу жоспарланған. Оның 720- сы көпбалалы отбасыларға берілмек. Алайда, кей қала мен аудан орталықтары діттеген межеге жете алмай отыр

Қарағанды облысында міндетті медициналық сақтандыру қорымен 127 денсаулық сақтау ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 56-сы мемлекеттік және 71-і жеке меншік нысан.  Медициналық бригадалардың жергілікті жерлерге шығып, жоспарлы алдын алу тексерулерін жүргізу жұмыстары сәтті жүзеге асуда. Осының нәтижесінде қазірдің өзінде 57 мыңнан астам адам қаралған.

 

Ержан НҰРЛЫБАЕВ,  денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 

  • Ақпараттық түсіндірме жұмыстары бір сәтке болсын тоқтаған емес. Тұрғындармен жалпылай да жекелей де кездесу ұйымдастырып келеміз. Тамыз айында жүргізілген әлеуметтік сауа қортындысы бойынша Қарағанды облысының тұрғындары МӘМС бюойынша жақсы хабардар екенін көрсеткен.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы Жеңіс Қасымбектің толық назарында. Әсіресе облыс көлемінде қандай үйлер салынып, олар қашан эксплутацияға берілуі тиісті екенін ол жақсы біледі. Мысалға 200 мыңға жуық тұрғыны бар Теміртау қаласында жылына не бары 10 мың шаршы метр үй салынып келген.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

  •  Өте нашар. Бұл мәселеге аса қатты бас ауыртпайтын сияқтысыздар. Биыл Теміртауда 50 отбасы баспаналы болуы керек болып, сарыла күткен еді. Алайда сіздер арқаны кеңге салып жүрдіңіздер, енді бұл мерзім кешіктірілуі мүмкін. Облыс әкімінің аппарат басшысы бұл мәселені қадағалауға алып, арнайы комиссия құрып, жұмысқа салғырттық танытқандарды жазалауды тапсырамын.

Осакаров ауданында да шамамен 1300 адам баспана кезегінде тұр. Оның 900-і балалар үйінен шыққандар. Осыған қарамастан ауданда биыл жаңа үйлер берілмейді. Себебі бюджет тиісті қаржы бермеген, құрылыс жоқ. Қарқаралы ауданында да жағдай осыған ұқсас. Облыс әкімі бюджетке жалтақтау жақсылықтың нышаны емес екенін ескертті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

  • Басқарма басшысы айтып отырғой, салымшылар бар деп. Алғашқы 10,20 пайызын жинап қойыпты. Солармен, бакпен жұмыс істеу керек. Үй салу керек. Тек бюджетке қарап отыра бермей.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен 255 өтінім қабылданды.Оның 236 қарызы мақұлданып  146 –на жалдамалы тұрғын үй кілті табысталған. Осылайша, ағымдағы жылы жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру кезінде 111 отбасын жалға берілетін тұрғын үймен, оның ішінде 770 көпбалалы отбасын пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жоспар орындалса, көпбалалы отбасылардың кезегі 1821 ден 1051-ге дейін қысқарады.  

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ, тілші:

  • Атап өткен жөн,Қарағанды облысы алдағы бірер жылда көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін түбегейлі шешпек ниетте.  Оған осындай «Нұрлы жер» сынды бағдарламалардың берері мол. Алайда аталмыш бағдарламаға немқұрайлы қараған әкім-қаралар жұмысына немқұрайлы қараса, онда сол қала-аудандарда жақын арада кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін облыс әкімі қадап айтты.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар