НҰРА ӨЗЕНІ ЛАЙЛАНДЫ

16:30, 12 ақпан 2020

Теміртаудағы су электр станциясында полигонға күл шығаратын каналда апат болды. Соның салдарынан лай су Нұра өзеніне аққан

Кәсіпорындағы күл - су қысымымен сыртқа айдалады екен. Кейін оның суы қайта өндіріске пайдалануға жіберіледі. Алайда құдықтың әбден ескірген бетон қабырғасы шыдас бермей опырылып түскен. Сол жерден өзен арнасына аққан күл аралас лайды тұрғындар ұялы телефонына түсіріп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан. Оқиға орнына экологтар мен су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясының мамандары келіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Өзенге аққан лай судан сынамалар алынған.

Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ облыстық экология департаменті басшысының орынбасары   

-Зертхана мамандары судың құрамасын алды. Бүгінгі күні авария тоқтатылды. Су ағып жатқан жоқ. Тексеріс жүргіземіз. Жаңағы сараптама қорытындысымен осы «BasselGroup» мекемесіне шара қолданамыз.  

Сейітқали ӘШІМ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар