НҰРА АУДАНЫ. ТУҒАН КҮНІҢМЕН, СҮЙІКТІ ҚАЛАМ!

18:12, 6 шілде 2019

Нұра - Қарағанды облысындағы Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына ең жақын орналасқан аудан. Әрі бас қаланың әлеуметтік экономикасын өркендетуге айтарлықтай үлес қосып келе жатқант өңір. Сондықтан атаулы мерекені нұралықтар ерекше атап өтті. Әлеуметтік маңызды нысандар ашылып, 24 отбасы баспанаға қол жеткізді

Гүлбақша Ақажанова, тілші

-Елорда мейрамы Нұра ауданынның барлық ауылдарында  2 күн бойы тойлануда. Бір күн бұрын Ахмет  ауылында соңғы үлгідегі   ауылдық дәрігерлік амбулатория  ашылды. Енді мұнда 1200 тұрғын түрі ем ала алады. Заманауи ғимараттың құрылысы мен қажетті құрылғылармен жабықтауға 100 млн теңге қаржы бөлінген.

Ал мерке күні Нұра кентінде 24 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа беріліп, халықты қуанышқа бөледі. Баспана кезегінде тұрған  көп балалы отбасылар, жетім және мүмкіндігі шектеулі жандар, мемлкеттік қызметкерлер қоныс тойын тойлады. Бұл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының жемісі. Құрылыс жұмысына 170 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Уәлихан ОСПАНОВ, Нұра ауданы әкімінің орынбасары:

-Алдағы уақытта да бірқатар нұралықтар баспанаға қол жеткізетін болады. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!

Бұл күн Әбілдиновтар отбасы үшін қос мерекеге айналды. 5 баланың ата - анасы 8 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған. Биыл мерейлері үстем болды.

Жангелді ӘБІЛДИНОВ, Нұра кентінің тұрғыны:

-Алдағы уақытта бірқатар отбасылар тағы баспаналы болады. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!

Елорда күнінде «Сары Арқа - 2019» аудандық жазғы спартакиадасы өтті. Шеруде  дәстүрлі доданың әр жылдардағы жеңімпаз ауылдары сап түзеп шараның шымылдығын ашып берді. Салауатты өмір салтын ұстанатын аудан жастары 11спорт түрі бойынша өзара кім мықтыны анықтады. Бұл облыстық спортакиядаға іріктеу сыны.

Азамат НҮРКЕНОВ, бокстан спрот шебері:

-Мен Талдықорғанда өткен чемпионатта жеңімпаз атандым. Осының бәрі осындай спартакиыдалардың арқасы Бүгін құрметтеп алау жақтырып жатқандарына рахмет айтамын.

Салтанатты шарада нұралық жастар Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры екенін көрсетті. Мың бұрала билеген өнерлерімен, бас қалаға арналған әндерден Елорда  - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі екенін байқауға болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Мереке күні  қайырымдылық шарасына ерекше көңіл бөлінді. Қайнар ауылында көп балалы жалғыз басты анаға 3 бөлмелі баспананы «Қайнар» ЖШС сыйға тартты. Сонымен қатар дәл осы ауылдағы 7 баласы бар батыр анаға алтын алқа белгісі тағылды.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар