НҰРА АУДАНЫ. СӘЛЕМ, НАУРЫЗ!

21:23, 22 наурыз 2019

Нұра ауданында ұлыстың ұлы күнінде жастар жасындай жарқырады. Олар ұлы даланың жеті қырын дәріптеп, қазақтың жөн жоралғыларын жаңғыртты. Қарттар үйіндегі қазыналы қарияларға қайырымдылық жасап, ақ баталарын алды. Қазақтың қонақжайлығы мен салт-дәстүрі қыдырып келген шетелдік қонақтарды таңқалдырып жатты

Наурыз мейрамында ауданның азаматтары атқа мініп,  Нұра кентіндегі басты көшелерлі аралап өтті. Аудан әкімі құмай тазыларын жанынан ерткен бір топ жас сал серілерімен ұлы даланың жеті қырын дәріптеді. Қазаққа ғана тән атқа міну мәдениеті мен аң стилін көпшілікке көрсетті.

Қыран бүркіт, құмай тазылардың жанынан жұрт бір елі кетер емес.
Сәні үйлескен киіз үйлер мен шалқыған көңілді ән аудандағы орталық саябақтың шырайын келтіргендей. Түрлі ұлыс пен дін өкілдері болып барлық нұралықтар бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Шарда көп балалы аналарға салтанатты түрде алтын алқа тағылды.
Есет БАЙКЕН, Нұра ауданының әкімі:

-Ырыс пен ынтымақтың мерекесі болған әз наурыз күні асқар таудай  ақылшы аталарымыздың берген ақ батасы қабыл болсын. Әлемді тербеткен аналарымыздың ақ жүрегіне қуаныш пен шаттық сыйласын. Әкелеріміздің жүзінен жылу кетпесін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасына береке бақыт тілемін.

Наурыз тойын тамашалауға арнайы келген шетелдік туристтер таң тамаша.  Олар қазақтың ұлттық киіміне, ұлттық өнер мен жөн жоралғыларына,тек ұлттық тағам қойылған бай дастарханға тәнті.

Сака КОЛАУОЛ ЛАТИВ, турист:

-Біз бүгін Елорадан келдік. Негізі Нигерияданбыз. Қазақстанның бас қаласында жұмыс жасаймыз. Ауылда наурыз тойы қалай тойланатынын білгіміз келген еді. Енді алған әсерімді айтып жеткіе алмаймын. Қазақтың әр салт дәстүрінің түкпірінде қаншама мән жатыр. Мұндай ғұрыптарды бұған дейін ешқандай елде көрмеппін. Қонақ жайлықтарыңызға сөзім жоқ.

Жастар алтыбақан аясында салтанат құрды. Бозбалалар мен бойжеткендер селтеткізер дәстүрді паш етті. Бірлігі жарасқан қазақ елін тіл көзден сақтасын деген неитте «Аластау» рәсімі көрсетілді. Әр этно ауылда түрлі дәстүр көрсетіліп жатты. Думанды күні халықтың ортасында елімізге танымал тұлғалар да жүр. Олар тіпті мерекелік күннің түрлі шараларына қатысты. Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов    екі баланың тұсауын кесіп, батасын берді.

Оралбай Әбдікәрімов, Мемлекет және қоғам қайраткері:

-Қазір есептеген жоқпын. Бірақ осы Алматыда Астанада балалардың тұсауын кесіп, жаңа туған балалардың атын Оралбай деп қойып жатыр. Ол да қазақтың салт дәстүрі.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Бұл жер бейне бір қазақтың дархан даласының қонақжай, жомарт ауылын көз алдыңызға елестеді. Мейрамның басты асы  наруыз көженің дәмін татып жатқан жұртшылықтың қарасы қалың қазір.  Сондықтан асқа толған  қасиетті қара қазанның қақпағы  бүгін  жабылдмасы хақ. Себебі Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алсаң,Содан олжалы жол болар.

Биыл наурыз мейрамының салтанатын   қарттар үйіндегі қам көңіл қарияларда сезінді. Аудан әкімдігі қайырымдылық дастархан жайылып, осындағы  әр адамға сыйлықтар табысталды. Жастардың мейрімділігіне риза болған үлкендер ақ батасын жаудырып жатты.

Ұлық күні ұтыс ойындарда  өтті. Басты жүлдеге жаңа маркалы Лада автокөлігі қойылды. Ал аламан бәйгіге қатысқан 30 дан астам   шабандоздар арасында  топ жарғандар бағалы сыйлықтарға ие болды.   

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар