«Нұр Отандықтар» аймақта мыңнан астам шара өткізіп, нәтижесінде 186 мың адамды ақпараттандырған

Жарқын болашаққа жол ашатын Президент жолдауы облыстық «Нұр Отан» партиясы филиаланың актив жиынында талдап таразыланды. Қуатты экономикамызға серпін беретін саяси құжаттың негізгі басым бағыттарын партия хатшысы Наталья Годунова жан - жақты түсіндірді

18:59, 17 ақпан 2017   152

Көшбасшы партия өкілдері Жолдауды жалпақ жұртқа жеткізу үшін үздіксіз  түсіндірме  жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Нұр Отандықтар» аймақта мыңнан астам шара өткізіп, нәтижесінде 186 мың адамды ақпараттандырған. Хатшы Наталья Годунованың пайымдауынша Қарағанды облысы еліміздегі индустрияның жүрегі. Былтыр өңіріміз өңдеу өнеркәсібі бойынша бірінші орыннан көрінген. Ағымдағы жылы да  сол жетістікке жету мақсатында едәуір еңбектенбек ниетте.

Саяси құжатта көрсетілген тапсырмаларды іске асыру әрбір қазақстандыққа ортақ міндет.Жаһандық жаңғыртудың бірегей бастамалары бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді.Ортақ отанымыздың әлемдік нарықта  беделін бізбен - сіз биіктетуміз қажет.Бұл уақыт талабынан туындап отырған заңдылық.

Аграрлық секторды алға жылжытуда аймағымыз үлкен рөл атқарады.  Басқа облыстармен салыстырғанда  кооператив құру жағынан кеңді өлкенің көші әлдеқайда ілгері.Қарапайым шаруалар да  жеңілдетілген пайызбен несие алып несібесін арттыруда. Демек шағын қожалықтарды біріктіру мол мүмкіндікке қол жеткізудің тиімді, әрі таптырмас тетігі.

Партия хатшысы  мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды.Шағын және орта бизнестің айбынын асырып, айдынын тасытатын бағыттарын бағамдады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25