«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ

17:25, 12 қазан 2017

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесіне бес жарым мыңға жуық өтініш түскен. Көбінесе жұмысқа орналасу, баспана, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелер көтерілген. Бұл ақпарат облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде мәлім болды

Аймақ тұрғындарын негізінен азық-түлік бағасының өсуі, жалақы аздығы, коммуналдық төлемдердің қымбатшылығы және медициналық қызмет сапасының төмендігі алаңдатады. Нұр Отан партиясының қоғамдық қабылдауына  түскен шағымдар  осындай.

Бейбіт ҚУАНЫШЕВ  қоғамдық кеңестің меңгерушісі

- Жыл басынан бері бізге бес мыңнан аса өтініш келіп түсті. Оның ішінде жұмыспен қамтылу бойынша-  1358 адам, әлеметтік салада - 1335 адам, ТКШ бойынша 1066 өтінішті қарадық.

Нұротандықтар мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен көңіл бөледі.  Мәселен, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Қарағанды облысындаерекше көңілді қажет ететін  44 адам жұмыспен қамтылыпты. Брифинг барысында партия құрылымы жайында да сөз болды. Қазіргі уақытқа дейін  партия құрамына 100 мыңнан аса адам қабылданған. Олардың арасында депутаттық корпус, азаматтық қоғам институттары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері  де бар.

Қадиша ОСПАНОВА «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары

-  Елбасының жолдауын түсіндіру мақсатында біз халықпен үлкен кездесулер ұйымдастырамыз. Қазір латын әліпбиіне көшу мәселесі белсенді талқылануда.Бұл шаралардың барлығы  облыс бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда  900-ден аса кездесулерді өткіздік.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы 7 жобаны іске асыруда. Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау мақсатында  «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» сияқты тың бастамалардың орны қоғам үшін маңызды.   

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...