«Нұр Отан» партиясының 16-шы кезектен тыс конференциясы өтті

Көшбасшы партия мүшелері «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты басты саяси құжатта белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады

18:30, 16 ақпан 2017   220

Бұл Жолдау нақты сөзден - іске көшкенді талап етеді. Партиялықтар осы ретте белсенділік танытып, басты құжат белгілеп берген талаптарға сай жер-жерлерде жұмыс жүргізуі қажет. «Нұр отан» партясының кезектен тыс конференциясына төрағалық еткен Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Жолдаудан туындаған мәселелерге ерекше көңіл бөлді.. Іс-шаралар нәтижелі болса, партияның рөлі  артып, қоғамдық қабылдауларға келушілер да едәуір артпақ.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі

Осы Жолдауында да Елбасы мемлекетіміздің 30 дамыған елдің қатарына енуі үшін нақты бағыт-бағдар белгілеп берді. Қазақстандықтар жарқын болашақ үшін үлестерін қосатынына кәміл сенімдіміз.

Жолдауда агроөнеркәсіп, тау-кен, метталургия саласына баса назар аударылған. Бұл әсіресе өндірістің жүрегі саналатын Қарағанды аймағы үшін аса маңызды.

Жолдаудағы басым бағыттардың бірі - бизнестік орта қалыптастыру. Бұл - 2050 жылдарға қарай шағын және орта кәсіпкерліктің ішкі өнім өндірудегі үлесін 50 пайызға жеткізу деген сөз. Атқарылар жұмыс ауқымды, алайда оны орындау қажет -дейді, қарағандылық кәсіпкерлер.

Александр Ларионов, кәсіпкер

Әр адам өзінің еңбегінің жемісін көретініне сенімді болуы керек. Әлемдік аренада ойып тұрып орын алатынымызға да сенуіміз кеерк. Өйткені Президент Жолдауы жарқын жолға бастайды.

Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Назарбаев  сандық технологияны дамыту арқылы білім және денсаулық саласын өркендетуге жақсы мүмкіндік туатынын айтты. Конференцияға қатысушылар Президент белгілеп берген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, Жолдауға зор қолдау танытатындарын айтып тарқасты.

Сейітқали ӘШІМОВ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25