«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының жаңа төрағасы тағайындалды

Енді бұл міндетті облыс әкімі Ерлан Қошанов атқарады. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 21 конференциясында белгілі болды

17:48, 19 сәуір 2017   70

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының кезектен тыс  конференциясында 2017 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар қортыныдланды. Қаңтар айынан бастап 4 мыңнан аса түрлі деңгейдегі іс шаралар өткізілген. Ал әлеуметтік бағыттағы «Қоғамдық қабылдау» жобасының әлеуеті артқан.  Биылғы жылдың алғашқы 3 айының өзінде 1800 адамнан өтініш түскен. Соның 25 пайызы бүгінде өз шешімін тауып отыр.  Кеңесте «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының жаңа төрағасы таныстырылды. Конференция делегаттары  облыс әкімі Ерлан Қошановтың кандидатурасы бір ауыздан қолдады. Партия ұжымы алдағы мақсат міндеттерімен де бөлісті. Әсіресе әлеуметтік әрі  ақпараттандыру жұмыстары ерекше назарға алынды.  Сонымен қатар, саяси кеңестің құрамындағы өзгерістер де талқыланды. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25