«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

15:52, 4 мамыр 2019

ҚР Президент сайлауына «Nur Otan»партиясынан түсетін үміткерді қолдауға арналған штаб құрылды. Оны «Қазақмыс» ЖШС басқарма директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайбасқарады. Бүгін комиссия құрамындаенген өңірімізге танымал және беделді азаматтар журналистерге арналған брифинг өткізді

«Nur Otan» партиясының штаб жұмысына 400 ден астам адам жұмылдырылған. Үгіт насихат кезеңі 11 мамырданбасталады. Оған дейін штаб өкілдері қайырымдылық  акциялар ұйымдастыруға болмайды . Жалпы мұндай шараларға саяси науқан біткеншеқатыспаған абзал,-дейді партия белсенділері.

Қадиша ОСПАНОВА, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Біз сайлаушыларды сатып алып жатқандай боламыз. Егер мен партияның сенімді өкілімін ба үміткер мен партия атынан қайырымдылық шараларын өткізуге 11 мамырға дейін қатыспауым керек. Ондай акцияларды атқарушы билік, қоғамдық ұйымдар өткізуге рұқсат, тек бізге емес.

Брифинг барысында штаб мүшелері өз міндеттерін мүлтіксіз орындауға дайын екендіктерін жеткізді.Айта кету керек,«Nur Otan» партиясының  қазір 1184 сенімді өкілі бар.  Әсіресе бұл жолы жастар көп белсенділік танытқан.  Сондықтан үгіт насихаттобы әр үйді аралағаннан гөрі,әлеуметтік желілер арқылы жұмысты жетілдірмек.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, штаб мүшесі:

-Жезқазған аймағында әлеуметтік желі бойынша белсенділік жоғары азаматтар анықталды. Енді олар қандай бағытта қалай жұмыс жасау керек. Тек бұл кезеңдерде екінші үшінші адамның ар намысна басқа да үміткерлерге тіл тигізу мәселесі бойынша қатаң қаралады. Өте сауатты, салмақты, мәдениетті түрде көрсету керек.

ҚР Президент сайлауына «Nur Otan»партиясының атынан түсетін Қасым Жомарт Тоқаевқа бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысынан 24 мыңнан астам қол жиналған. Жуырда көшбасшы партия  жалпы ұлттық «Бірге» акциясын өткізебек. Қаланың орталық көшесіне арнайы палаткалар қойылып, онда штаб мүшелері халық тілегін естиді. Яғни  кез-келген тұрғын мемлекетті дамытуға  арналған ұсынысын білдіре алады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар