«NUR OTAN» ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

17:22, 20 наурыз 2020

Жыл басынан бері облыстық «Nur Otan» партиясына екі мыңға жуық қарағандылық түйткілді мәселелерімен барған. Бүгінде саяси ұйымның көмегіне жүгінген 400 – ге жуық адамның проблемасы бір жақты шешім тапты

Бас партияның басымдық берген міндеттерінің бірі - халық мүддесіне қызмет ету. Осы мақсатта «Нұр Отандықтар» тапжылмай еңбек етіп келеді. Бір ғана білім беру саласы бойынша  балалардың тұру жағдайларын мониторингілеп, 17 мәрте оқушылардың үйін аралаған. Мерекелер қарсаңында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың өкілдеріне және ата – анасының қамқорлығынан айырылған сәбилерге көмектескен. Осындай 91 игілікті шараны ұйымдастыруда ұйытқы болған. Сондай – ақ, жігерлі жастардан жасақталған еріктілерге де партия тарапынан қолдау жетерлік.  

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар