НОТАРИУСТЕР ҮШІН СЕМИНАР

17:15, 5 желтоқсан 2019

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде нотариустарға арналған семинар өтті. Шараға 50-ге жуық заңгер қатысты. Олар құқықтық нормаларға енгізілген кейбір түзетулер мен өзгертулерді талқылады

«Сабақ беру емес, кеңес беру». Бұл бүгінгі  семинардың негізгі қағидасы. Нотариустар тәжірибеге сүйене отырып, кейбір мәселелер бойынша өздері дәріс бере алады. Мұны ҚарМУ заң факультетінің оқытушылары жақсы біледі. Сондықтан пайдасы мол бұл  семинардың мән мағынасы бөлек -, дейді олар.  

Маржангүл ӘКІМЖАНОВА, заң факультетінің аға оқытушысы:

-Нотариустардың осындай ынтымақтастығы нәтижесінде біз сертификаттар береміз. Осы сертификаттар нәтижесінде білім беру қызметіне байналысты нотариаттық палатаның арасындағы қызметімізді дамытуға арналған.

Заңдар, Кодекстер және басқа да құқықтық актілер.   Бұл бағытта бірқатар өзгерістер жиі енгізіледі. Семинарда суррогат ана мен зияткерлік меншік саласындағы түзетулер қарастырылды. Қанағат Татеева бірнеше жылдық  жұмыс өтілі бар, тәжірибелі нотариус. Ол осы семинарда жаңа ақпараттар легімен жете танысқанын тілге тиек етті.

Қанағат ТАТЕЕВА, нотариус:

-Жыл өткен сайын әр түрлі өзгерістер болады. Қоғамдық қатынастар да өзгеріп жатады. Оны реттейтін заңдар да өзгеріп жатады. Соған сәйкес, әрине, бізге оқып, үйреніп, өзімізге керек мәліметтерді алып жатырмыз.

Бұл басқосуға  50 нотариус қатысып, білімі мен біліктілігін арттырды.. Ал ҚарМУ базасындағы дәріс тыңдаушы заңгерлер  саны 250 ден асады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

                 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар