НИЕТ БОЛСА, ҚАРЖЫ БАР

17:18, 16 мамыр 2019

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады. Биылғы жылы облыстан осы мақсатқа 5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қалай қатысуға болады және бұл үшін қандай құжаттар қажет?

Өткен жылы облыс шаруашылығын дамыту  үшін республикалық  бюджеттен бөлінген  6 миллиард теңгеден астам қаражат игерілген. Оның 40 пайызы жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша аудандарға берілген. Соның нәтижесінде 700 жуық адам жеке кәсібін  ашқан.

Асқарбек МАҚСҰМХАН, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚОФ директоры:

-Ағымдағы жылы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына  2,5 млрд.теңге бөлінді. Қазір аталған қаражатты толықтай игеруге өтінімдер қабылдап, жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 500-ден астам өтінім қабылданып  300 млн. теңгенің ұсынысы мақұлданды.

«Игілік» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан  ірі қара , түйе, құстар мен бал араларын сатып алуға қаражат бөлінген. Ал, «Бірлік» бағдарламасы бойынша сүт қабылдау пунктіне керекті жабдықтар алынған. Ал, «Кәсіпкер» жобасы барысында, шалғай елді -мекендерде түрлі бизнес обектілері  жұмысын бастаған.

Асқарбек МАҚСҰМХАН, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚОФ директоры:

-Көктемгі-егістік жұмыстарға арналған «Егінжай» бағдарламасы арқылы 6% -дан 6 млн теңгеге дейін несие беріледі. Оның мерзімі үш жылға дейін. Құжаттардың толық пакетін ұсынатын болсаңыз, сіздің жобаңызды қаржыландыру туралы шешім 15 күннің ішінде анықталады.

Айта кеткен жөн, өткен жылы 87 фермерлік шаруашылық қаржыландыруға ие болып,  8 мыңға жуық ірі қара және ұсақ мал сатып алған. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылы 50 пайызға арта түседі деген жоспарда жоқ емес- дейді, қаржылай қолдау қорының жетекшісі.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...