НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ ҚАЖЕТ

17:13, 2 қыркүйек 2019

Қарағанды қаласында дәстүрлі тамыз жиын өтті. Оған білім бөлімінің басшылары, мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарның ұстаздары қатысты. Отырыста қазақстандық білім мәселесі талқыланды

Қала әкімі әуелі электронды кітаптардың көрмесімен жіті танысты.  Сонымен қатар, жаңартылған оқу бойынша оқушылардың жобасы назарға ұсынылды. Мәселен, 9-шы сынып оқушысы Бекарыс Әлтаев «Умная клумба»  атты жұмысында жасыл желекке адам баласы қандай  күтім жасау керектігін зерттеп шыққан.

Бекарыс ӘЛТАЕВ, № 83 мектептің 9-шы сынып оқушысы:

- Барлық мәселе мынада, сіз өсімдіктерді жоғары температурада және мен судың жетіспеушілігінде автоматты түрде суаруға болады, сонымен қатар қажет болған жағдайда суды  қайта сорып алуға болады.

Жас та болса, ұшқыр ойымен бөліскен мектеп оқушысына қала әкімі Нұрлан Әубәкіров осы жобаны орталық саябақта  қолдануға ұсыныс тастады.

Тамыз жиынында өткен жылдың қорытындысы мен келер жылдың өзекті сұрақтары ортаға салынды.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Ең басты мәселенің бірі- балабақша кезегі. Одан кейін басқа да атқарылатын тапсырмалар жетерлік. Сондай –ақ, кәсіптік бағдарлау бағдарламасын анықтап қана қоймай, жетілдіріп, мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы көрсеткішті өсіру жұмысы да оңайға соқпайды.

Жиын барысында жаңартылған оқудың құрамы да назардан тыс қалмады. Одан бөлек, аймақтағы жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым – қатынас орнату керек екендігі де айтылды.

Кұдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихаттың хатшысы:

- Бүгінде жас жігітті патриот етіп тәрбиелеу өте маңызды. Ата-аналармен бірге біз қол жеткендердің бәрін түсініп, бағалай білуіміз керек және балаларымызға ең жақсы қаражатты жұмсау  керек.

Конференцияда Қарағанды қаласы әкімі мен Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры арасында меморандумға қол қойылды. Жиын соңында ұстаздарға білім министрі атынан мақтау қағаздары табысталынды.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар