НӘРЕСТЕГЕ ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

16:18, 9 шілде 2019

Жыл сайын халқымыз шілде айының бірінші жексенбісінде «Ұлттық домбыра күнін»- атап өтеді. Бұл мерекені ұдайы еске алып тұру үшін, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері дәстүр сабақтастығын жаңа қырынан танып білуде

«Ұлттық домбыра күні» шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиге  Қарағанды облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері ұлттық аспапты тарту етеді. Бұл үрдісті ұйымдастырушылар жыл сайынғы дәстүрге айналдырған.

Алтын КАНИКАР, көп балалы ана:

-Биыл дәстүрлі түрде екінші рет осы перзентханаға келіп тұрмыз. Мақсатымыз – дүниеге шыр етіп келген бүлдіршіндерге қазақтың күмбірлеген даусы бар домбымызды силап, сол перзенттеріміздің өмірге келгенімен құттықтап, аналарын құқттықтап, сондай жақсы ниетпен келіп отырмыз. Домбырамызды дәріптеу, домбыраның қадір – қасиетін өскелең ұрпақ біліп, бойына сіңіріп жүрсе. Ұлы даланың үнін әкелген домбырамызды әр перзентіміз жақсы көріп, үйінің төріне қйып, силасын деген мақсатта.

Салмағы 3 келі 700 болып туылған Ибрахим есімді перзентіміз отбасында төртінші бала. Бүгінде анасы Нұргүл көп балалы отбасылар қатарына қосылды. Ұлттық рухты көтеретін домбырада әзірге жанұяда ешкім ойнамайды екен. Бірақ, болашақта жаңа туылған сәбиі домбыраның құлағында ойнайтын күйші болар деп армандайды анасы.

Нұргүл ЗЫКРИНА, нәрестенің анасы:

-Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дейді ғой. Осындай күнге түсіп жатқанымызға өте қуаныштымын. Амандық болса, домбыра төрімізде ілініп, баламыздың қолында болады деп ойлаймын. Өте қуаныштымын.

Сонымен қатар, этно -мәдени орталықтарының өкілдері қазақтың ұлттық аспабында түрлі күйлерді нақышына келтіріп ойнайтын отандасына сый - құрмет көрсетіп, оған да домбыраны табыстады.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырушылары киелі домбыраны дәріптеу үлгісін осылайша халыққа паш етті. Ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен ұлықтаудың ұмтылмас үрдісі осы болар!

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар