НАЗАРДА – САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП

17:00, 18 қыркүйек 2020

Қарағанды облысында санитарлық нормаларды сақтау бойынша шағын және орта бизнес субьектілерін тексеру жалғасуда. Бұл жолы Қазыбек би ауданы бойынша мобильдік топ мүшелері санитарлық нормаларды бұзған бірқатар мекемелерді анықтады

Санитарлық сала мамандары, тәртіп сақшылары және әкімдік өкілдерінің бірлескен рейдтік-тексеріс жұмыстары  бір сәтке тоқтаған емес. Жоспарлы жұмыстар жалғасын тауып келеді. Мобильді топ өкілдері назарға алған алғашқы нысан  азық-түлік дүкендері болды.  Жұмыс істеп тұрған ғимараттарға қойылатын талап  ортақ.   Кіреберістерде залалсыздандырылған төсеніш, антисептик, дене қызуын тексергендігін растайтын журнал және қызметкерлер мен келушілердің бетперде тағуы міндетті.  Тексеріс барысында аталған қағидалардың ескерусіз қалғаны анықталды.

Рейд кезінде санитарлық талаптардың орындалу барысы жіті назарға алынды.  Дегенмен кәсіп иелере тарапынан заң бұзушылықтар анықталды.  Мысалға  дене қызуын тексергендігін растайтын   арнайы журнал дүкенде мүлдем жоқ болып шықты.   Анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Мамандар  шағын және орта бизнес өкілдері әлі де болса карантин талаптарына салғырт қарайтынын алға тартуда.

Назгүл АЙМАҒАМБЕТОВА, мобильдік топ мүшесі:

-Жоспардан тыс тексеріс өткізілді, мобильді топпенен. Бірнеше объектілер тексерілді. Нысандарда  құқық бұзушылықтар азаяр емес.

Қазіргі уақытта Қазыбек би ауданы бойынша 6 мобильді топ жұмыс істейді.  Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып, бақылау назарда болмақ.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар