Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өзі ойнайтын электронды домбыраны ойлап тапты

17:26, 13 ақпан 2018

Айта кету керек, Қазақстан бойынша мұндай екі шекті аспап түпнұсқа болып саналады

Бұл жас  өнертапқыштардың ойлап шығарған бірнеше жобаларының бірі ғана. Мына - электранды домбыраны бірнеше жас өнертапқыштар бірлесе ойлап тапқан. Бұл - екі шекті ұлттық аспап адамның көмегінсіз-ақ өзі күй ойнай алады екен. Аталмыш жобаны құрастыру үшін оқушылар небәрі 1 күн жұмсаған. Ал, бағдарламаны  іске қосу үшін  1 апта уақыт кеткен. Әзірге бұл дайын добыра қазақтың «Еркемай»  күйін ғана орындайды. Алдағы уақытта бағдарламаға жаңа күйлерді енгізу жоспарда бар,-дейді Ерасыл Тұраров.

Ерасыл ТҰРАРОВ  10-сынып оқушысы

Домбыра біздің қазақ еліміздің рухани байлықтарымыздың бірі деуге болады. Домбыра бұрыннан бері ата-бабаларымыз ойнап жүрген. Сондықтан да біздің ойымызша егер біз қазіргі кезде жастарға рухани жаңғырту кілті ретінде көрсететін болсақ. Онда біздің ойымызша біз қазақ елін алдыға жетелейтін боламыз.

Ал, Ерасыл Қадіржанов болса өзі сурет салатын  «Суретші» роботты ойлап тапқандардың бірі. Бұл робот тек контур сызықтары бар суреттерді сала алады. Ол жобаны жасауға 473 лего тетігін ғана пайдаланған. Робот адамға қарағанда неғұрлым анық, әрі көзге көрінбейтін бөліктерді сала алады,- дейді жас өнертапқыш.

Ерасыл ҚАДІРЖАНОВ  10-сынып оқушысы

Робот суретке түсіреді. Мысалы, даланы түсіреді. Сол координаталық файл робот художникке жібереді. Ол жайлы координаталар бойынша координаталарды бұрышқа айналдырып, оны қағазға түсіреді.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ойлап тапқан тың жобалардың тағы бірі – күн энергиясы арқылы жұмыс істейтін сағат. Бұл жобаның ерекшелігі - 3Д принтердің көмегімен және де климаты ыстық жерлерде ғана жақсы жұмыс істейді.

Айдын ЖУАНЫШЕВ  робототехника бойынша оқытушы

Техника деген неге нақты пән емес? Робототехника өзіне жаңағы инженерия деді, физикасы бар, математикасы бар, программированиясы бар. Әр түрлі сабақтың қосындысы деуге болады. Робототехникамен айналысу үшін тек қана құрастыра бермей, оның 3Д моделін ойластыра білу керек және өзінің программаға икемі болу керек.

Жас өнертапқыштардың жетістіктері аталмыш роботтармен ғана шектелмейді. Себебі, олар осыған дейін де қоқыстарды жинайтын, ағаштарды отырғызатын роботты  ойлап тапқан еді. 10-шы сынып оқушылары болашқта тағы да тың жобалармен қуантамыз,-деп жоспарлап отыр.

Айдана ДАСТАН 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТІҢ ҮШІНШІ ҚАБАТЫ 20 ЖЫЛ БОС ТҰРҒАН
19:23, 23 қазан 2018
МЕКТЕПТІҢ ҮШІНШІ ҚАБАТЫ 20 ЖЫЛ БОС ТҰРҒАН
Толығырақ...
ТАНЫМАЛ ЖАСТАР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ
19:22, 23 қазан 2018
ТАНЫМАЛ ЖАСТАР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар