Наурызға тарту

20:39, 13 наурыз 2018

Қаламыздағы Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхансында «Наурыз -ұлттық мұра» атты кітап көрмесі өтті

Оған оқырмандар  қауымы  және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Көрмеге қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын 30-ға жуық кітап қойылды.Олардың арасында Наурызға арналған көркем шығармалар да бар. Онда ұлттық мереке жайлы, олардың шығу тарихы турасындағы әдебиеттер қатысушылар  назарына ұсынылды. 80 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының қазірде, 21 мыңнан астам оқырманы бар. Рухани қара шаңырақтағы  кітап қоры да 400мың данадан асып жығылады. Ұжым ел өміріндегі  болып жатқан жағымды жаңалықтармен ұлттық мерекені үнемі насихаттап отыруды дәстүр сабақтастығына айналдыра білген. Бұл жолғы, «Наурыз-ұлттық мұра» кітап көрмесі,Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесіне тамаша тарту болды -дейді, облыстық мәдениет және өнер ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анар Есмағанбетова

Анар ЕСМАҒАНБЕТОВА бөлім басшысының міндетін атқарушы

Осындай шаралар өткізу жөнінде арнайы шешімдер қабылданды. Біз оны одан әрі жалғастырмақпыз. Бұл жас ұрпақ үшін өте қажет. Алдағы мереке құтты болсын!

«Наурыз -ұлттық мұра» кітап көрмесінде оқырман қауым, тәрбиелік мәні бар туындылармен  толық танысып, мол рухани сезімге бөленді. Қатысушы қонақтар  арнайы қойылған қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын да тамашалады,.

Ақниет ҚҰДАЙБЕРГЕН кітапхананың өнер бөлімінің қызметкері

Біз ұлттық мереке жайлы және оның шығу тарихымен таныстыруды жөн санадық. Түркі халықтарына ортақ мерекенің алар орны ерекше.Наурыз-жыл басы.Баршаларыңызды осы мерекемен құттықтаймын.

Гоголь атындағы кітапханадағы «Наурыз-ұлттық мұра» атты көрме шағын мерекелік концертпен жалғасты. Онда «Наурыз думан» және басқа да әндер  әуелете шырқалды.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар