НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

15:46, 13 наурыз 2018

Облысымызда Ұлыстың ұлы мерекесі - Наурызға дайындық қызу жүріп жатыр

Аталмыш мейрамға арналған мерекелік шаралар наурыздың 21-нен 25-і аралығында өтеді. Биыл көшелерде орнатылған киіз үйлерде келушілерге арналып тақырыптық экспозициялар мен  дәстүрлі әдет-ғұрыптарды көрсететін театрландырылған көріністер ұйымдастырылады. Облыстағы Наурыз мерекесіне әзірлік пен өту кестесін аймақ басшысына мәдениет пен мұрағат және құжаттама басқармасының жетекшісі Еркебұлан Ағымбаев баяндады. Биылғы мерекелік шара бірқатар жаңашылдықпен толығып отыр. Нақты айтқанда, тігілген киіз үйлерге кіре  алмаймыз -деп реніштерін білдіретін тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау көзделуде. Енді, мерекеге келген барлық меймандар киіз үйлерге емін-еркін кіріп, салт - дәстүрімізбен танысып, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм тата алады.

Еркебұлан АҒЫМБАЕВ  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы

Облыс бойынша 250 шара өтеді. Ұлыстың ұлы күнін тойлауда дайындық басталып кетті.

Қарағанды қаласында  22-ші наурызда негезгі мерекелік шара  орталық саябақта өтеді. Мұнда жеті тақырыптық алаңдар құрылады. Сахнада концерттік бағдарламамен солистер, кәсіби және музыкалық  би ұжымдары өнер көрсетеді. Мұнда Ұлыстың ұлы күні келгенде молынан жайылатын халқымыздың кең дастарқаны, тойдың көркін қыздыра түсетін Алтыбақан мен қазақ күресін көруге де болады. Саябақтағы алаңдардың бірінде бауырсақ пісіру, палау мен Наурыз көже әзірлеу бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Ал келесі бір алаңда ұлттық костюмдер көрсетілімі өтеді. Облыс орталығының өзінде 15 наурыздан бастап мерекелік шаралар басталмақ.

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ   Қарағанды қаласының әкімі

Наурыздың 25-не дейін киіз үйлер тұрады. Кітапханаларда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, қалалық алаңдарда мерекелік шаралар өтеді. Орталық саябақтың жағажайына 14 киіз үй онатылады. Оның ішінде сәбиді қырқынан шығару, тұсаукесер секілді салт дәстүр көрсетіледі. Саябақта кәдесыйлар, тәтті-дәмділер мен сусындар алуға арнайы орындар тігіледі.

Облыстық мәдениет, өнер және мұрағат мекемелерінде 15 -23-шы Наурыз аралығында мейрамға қатысты форматы әртүрлі  мәдени-рухани іс-шаралар өтеді.  Одан бөлек,  ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткзіледі. Төл мерекені аудан, қалаларда жаппай жоғары деңгейде атап өту үшін  аймақ басшысы облыстық құжаттама, мәдениет және архивтер басқармасы жетекшісіне барлық мүмкіндікті жасауды тапсырды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар