НАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

17:31, 23 шілде 2019

Аймағымыздағы «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне бүгінгі күнге дейін 1000-нан астам өтініш келіп түскен. Олардың басым көпшілігі құжаттарын алуға және заңды мәселелерді шешуге көмектесуді сұраған

Жоба аясында облыста мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және мемлекеттік мекемелерде 121 «адалдық дүкені» ашылған. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінде open space қағидаты бойынша фронт-кеңселер мен қабылдау бөлмелері құрылған. Халық арасында келіп түскен өтініштердің ішінде құжаттарды қайта рәсімдеуге көмек, еңбек дауы мен қоғамдық орындардағы кемшін тұстарды реттеуге жәрдемде де бар.

Мәлика КҮСЕНБАЕВА, «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

-Бұқар жырау ауданында жергілікті әкімдіктің көмегімен өтініш берген тұрғынға зейнеткер куәлігін беру мәселесі шешімін тапты.  Октябрь ауданындағы «Маяк» аялдамасында жылдамдықты шектейтін жол белгісі қажеттігі туындап, бүгінде арнайы белгі орнатылған. Шет ауданы Жарық ауылындағы орта мектеп қызметкерінің жалақы бойынша құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ бізге Ресей азаматшасы ҚР аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салуды алып тастауға көмек көрсету туралы өтініш білдірді.

Жиын соңында, жаста болса, «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» жобасын ілгерілетуде белсенділік көрсеткен Мәлика Күсенбаеваға аймақ басшысы Ерлан Қошанов ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың атынан алғыс хат тапсырды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар