МЫСТЫ ӨҢІРГЕ - 65 ЖЫЛ

16:25, 9 қыркүйек 2019

Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойына арналған гала концерт мыңдаған жезқазғандықты орталық алаңға жинады. Ұйымдастырушылар кештің көңілді де әсерлі өтуіне ерекше назар аударған. Бір ғана театрландырған көрініңстің өзіне 2000 адам қатысты

Жыл бойына жалғасатын мерейтойда түрлі шаралар мерекенің көркін қыздыруда. «Туған қаламды жырлаймын» атты поэзия кеші аға буын ақындарымен жас  жергілікті жыршылардың басын қосты. Алаш алаңында жас суретшілер шаһардың әдемі келбетін өрнектеді.  Барлығы 50 ге жуық оқушылар қатысып, жүзден жйүрік шығуға тырысты.

Рубина ЖҰМАБАЕВА, әділқазылар алқасының төрайымы:

-65 жылдық меретойға арналған композициялық сюжетін қараймыз, шеберлігін қараймыз, коларитін қараймыз.

Кешкілік «Менің сүйікті қалам-Жезқазған!» атты музыкалық хореографиялық театрландырған үлкен шоу өтті. Қойылымда атақты академик Қаныш Сәтпаевтің елжанды еңбегі бейнеленіп, алғашқы кен қалай қазылып, ел игілігіне берілгені көрсетілген. Театрландырған көрініс  2000 ға жуық адам жұмылдырылыпты.  Бұған Нұрсұлтан қаласынан  арнайы білікті режиссер хореграфты да шақырған.

Тәуіржан РАХАТ, ҚР мәдениет қайраткері:

-Рухани жаңғыру деген бір блоктан тұрды. Халықтардың биі арқылы бірлігі жарасқан қала деп соған бір блокты арнадық. Жас отбасылар болсын жас балалар болсын спортшылар болсын, соның бәрін көрсетуге тырыстық.

Кешті белгілі әзілкеш әрі актер  Еркебұлан Мырзабек пен Серік Шәріп жүргізді. Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті мен лазерлік шоу тұрғындарды бір серпілтіп тастады. Күннің ызғарлығына қарамастан, жасы да жасамысы да орталық алаңға жиналып, көңілдерін бір көтеріп тастады.

Танымал талант иелері Айша Байбосынова, Мәдина Сәдуақасова, Қуандық Рақым, Дана Кентай өнер көрсетті. Ал Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы нағыз тосын сый болды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Жыл бойына жалғасқан Жезқазған қаласының 65 жылдығы осылайша өз сән салтанатымен тойланды. Жиналған қонақтар мысты өңірдің өнрідісі өркендей берсін деген әппақ тілектерімен тарқасты. Мыңдаған халықты жинаған шара осындай әдемі отшашумен аяқталды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар