МЫСТЫ ӨҢІРГЕ – 65 ЖЫЛ

16:25, 6 қыркүйек 2019

Жезқазған қаласы 65 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған мысты өңірдің торқалы тойында түрлі шаралар бастау алды. Түрлі әлеуметтік маңызды нысандар ашылып ел игілігне берілуде. Салтанатты түрде шаһардың гүлденуіне үлес қосқан тұрғындар мерекелік медальмен марапатталды

30 жылдары бой көтерген жаңа өндіріс орындарының нәтижесінде 1954 жылы Жезқазған қаласы құрылды. Сол кезеңнен бастап мысты өңір ел экономикасының дамуына үлес қосуда. Кейінгі 20 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4 есеге ұлғайған. Тарихтан сыр шерттен көрмеде  бұл жетістіктерді  шараға жиналғандар  тамашалады.

Мұзыра АҚАНОВ, Жезқазған қаласының құрметті азаматы:

-Кешегі уақытта Жезқазған облыс орталығы болды. Қанша дегенмен, облыс орталығы деген статус жоғары. Жезқазған да, Сатпаев та, жалпы Жезқазған облысы дамып,институт ашылды, мәдениеті дамыды.

Жезқазған қаласының әкімі шаһардың 65 жылдығындағы жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Биылғы жылдың басты жаңалығы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 4 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерген. Облыс әкімдігінің қолдауымен қала аралық және ішкі жолдар жаңаланған.  «Ғарышкерлер гүлзары» мен «Жастар» саябағының қайта жаңғыруы жастар жылына тарту,- деп атап өтті.

Қайрат БЕГІМОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-Қазақстанның мыс астанасы атанған шаһармыз. Мыңдаған адамдардың отанына, отбасына, құтты мекеніне айналды. Біз бүгін Жезқазғанның негізін қалаған азаматтарға, алғашқы құрылысшыларға қарапайым еңбегімен, адал ниетімен осындай тамаша қаланы тұрғызуға және дамытуға үлес қосқан аға буынға шын жүректен алғыс айтамыз.

Талай жыл қаланың өсіп өркендеуіне маңдай тер төккен еңбеккерлер салтанатты түрде «Жезқазған қаласына 65 жыл» мерекелік медалмен марапатталды. Мерейі үстем болғанның бірі Төлеген Бүкіров.Жезқазған мыс қорыту завотында 40 жылдам астам тер төккен еңбеккер мысты өңірдің бағындырар белесі әлі алда дейді.

Төлеген БҮКІРОВ, Қазақстанның құрметті металургі:

-1995 жылы 15 мамырда Жезқазған мыс зауытында әлем бойынша бірінші рет осмий 187 изотоп металы алынды. Оны біз шетелдің лабораториясына барып, сараптап алып келдік. Сапасы өте жоғары.

Театрландырылған көріністе  Жезқазғанның барлық байлығы мен құндылықтары дәріптелді. Елімізге танымал эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі мысты өңірдің халқын бір серпілтіп тастады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы әлі екі күнге жалғасатын болады. Ұлттық спорттық ойындардан кім мықты анықталып, оқушылар арасында түрлі өнер сайыстары ұйымдастырылмақ. Меркелік шара гала концертпен түйінделеді. Мына сахнада эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді деп күтілуде.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар