МЫҚТЫ ОТБАСЫ-МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

13:21, 9 қыркүйек 2019

Қарағандыда соңғы жылдардағы статистикаға сүйенсек әр шаңырақ көтерген екі отбасының бірінің шырқы бұзылады. Бұл қоғамның әлеуметтік қалпына да кері әсерін тигізіп отыр. Бақытты адамдары аз қоғамның алға басуы қиындайды дейді мамандар. Осы орайда соңғы жылдары «отбасы форумдары» жүргізіле бастаған. Шара аясында қалалық «мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары да анықталдып, марапатталды

«Біз - Қазақстанның болашағымыз!» Осылай аталған форум қалалық жастар ресурстық орталығымен және биылдан бастап, жастар мен балалар ұйымдарының одағы,жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болшуымен 5-ші мәрте өтіп келеді. Мұнда отбасылар мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыларды, баспаналы болу жолдарын, психолдогиялық-медиациялық көмек ала алады. Бұл шараның тек кризистік жағдайдағы отбасы үшін ғана емес, енді құрылған шаңырақ үшін де пайдасы мол.

Гүлнұр МУСИНА, жас отбасы:

-Жас отбасыларға берілетін көмек жайын біліп, сауалдарға жауап аламыз. Тренингтер өтіп жатыр. Бұл форум жалғасын таба берсе деп ойлаймыз.

Форумның өткізілуіне соңғы кездегі статисикалық көрсеткіш себеп болған. Жастар соңғы кезде болмашы қиындықтарға төтеп бере алмайтын әлжуазға айнала бастады дейді мамандар. Сондықтан мақсат оларға қолдау көрсету. Осындай шаралар әр отбасының ішкі саясатына араласпай, өз еркімен келгендерге барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды жіті түсінуге жақсы мүмкіндік.

Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ,  Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы:

-Ажырасу мәселесі негіз болды, қазір әр екінші отбасы ажырасып кеткен. Сондықтан биыл біз дін өкілдерін шақырып, рухани тұрғыда әсер етеді деп шақырдық.

Бірегей жоба аясында жалпы-ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Бұл жолы Қарағанды қаласынан отбасылық марапатқа Омаровтар әулеті лайық деп танылды. Жеңімпаз отбасының отағасы шаңырақ көтерген кезде баршасында қиын кезеңдер болатынын, алайда, сабыр мен сыйластық бәрін де жеңетінін айтады.

Мұқатай ОМАРОВ, «Мерейлі отбасы» жалпы-ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы:

-Үйлену оңай үй болу қиын дейді қазақта. Сондықтан бәріне көніп, ақылмен шешу керек. Ұстамдылық, шыдамдылық болуы тиіс жастарда.

Атап өткен жөн, бұл шара осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта жас отбасыларын қолдау мақсатында жалғасын табады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар