ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕ

16:37, 26 сәуір 2018

Қаламыздағы бейнелеу өнері музейінде қарағандылдық жас суретші Еркебұлан Молдабековтің жеке көрмесі ашылды

Онда автордың 30- дан астам туындылары ұсынылған. Алғашқы шығармашылық көрмесін талант иесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арнап отыр.

Еркебұлан Молдабеков көбінесе  танымал азматтардың бейнесін салады. Әсіресе, өзінің жерлестері Қарағанды облысындағы тарихи тұлғалардың портретін суреттейді.  Мәселен, әлем чемпиондары Серік Сәпиев, Геннадий Головкин сынды спорт саңлақтарының суреттері көрменің төрінде ойып тұрып орын алған. Ал, былтырғы Бұқар жырау бабамыздың 350 жылдығына арналған туындысы республикалық байқауда жүзден жүйрік шықты. Көрмеге тек 30-дан астам жұмысын ілсе де, жалпы 200 осындай еңбектің авторы көрнеді. Бірегей жұмысты  мамандар жоғары бағалап отыр.

Темірғали АРШАБЕКОВ, Облыстық бейнелеу өнері музейі басшысының орынбасары

Еркебұланның туындылары өте тамаша әрі тартымды. Бұл жолы ол біраз суреттерін біздің музейге тапсырды. Автор одан түскен қаржыны қайырымдылық қорына аударуды жөн санапты.

Еркебұлан Молдабеков қарындашты  4 жасынан бастап жанына серік етіпті. «Мектеп қабырғасында сурет сабағына қатыса жүріп, қабырға газеттерін шығара бастайды»,- дейді анасы. Арман қуған азамат жоғарғы оқу орындарына осы өнерді жалғастырып, терең білім алады. Қазірде талант иесі дизайнерлік саланың қыр сырын меңгеріп жүрген көрнеді.

Рым АЙТҚОЖИНА, Е.Молдабековтің анасы

Еркебұланның бала кезіндегі арман-мақсаты орындалды. Ол өз дегеніне жетті. Енді осы сүйікті өнерін одан әрі жалғастырып, биік жетістіктерге жетеді деген үміттемін.

Көрмені тамашалауға келген қауым мен бейнелеу өнерінің мамандары 32 жастағы Еркебұлан Молдабековті суретшілер одағына ұсынуға өтініш білдірді. Автор бұл жолғы  жұмыстарынан түскен қаржыны Аружан Саин атындағы қайырымдылық қорына аударамын деп отыр.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар